Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Ректордың сыйлығы.

Ректордың сыйлығы.

23 Қыркүйек 2015

  Оқу жылының басында медицина университетінің спортшылары ғажап сыйлық алды.

  17 қыркүйекте, ҚММУ басшылығы, университеміздің ректоры, профессор Р.С. Досмағамбетова  және оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор В.Б. Молотов – Лучанский спорттық ойын түрлері бойынша жоо құрама командаларының қатысушыларымен кездесу өткізді. Кездесуде салауатты өмір салтын насихаттау және студенттік жастарды дене шынықтыру сабақтарына тарту, университетіміздегі спортты дамытуға баса назар аударылатындығы айқындалып өтілді.

  Іс-шара соңында жиналғандарды жағымды сыйлық күтіп тұрды – әрбіп спортшы ректордың қолынан ҚММУ логотипімен жаттығу және мерекелік экипировка жинағын алды.

Салтанатты кездесу В.Б.Молотова-Лучанскийдің құттықтау сөзімен басталды. Барлық спортшыларды жаңа оқу жылдымен құттықтап, жиналғандарды іс-шараның мақсатын қысқаша таныстырыды, содан соң университетіміздің ректорына сөз кезегін берді.

  Р.С. Досмағамбетова өз сөзінде ректорат және профессор -оқытушылар құрамы университетімізде оқу беделді ғана емес, сонымен қатар қызықты болу үшін, демалуға және оқуға ең жақсы жағдай жасап отырғандығын атап айтты. Ректор, университет үшін жоо жағымды беделін қалыптастыратын спортшылардың жетістіктері маңызды екендігін баса айтты, университет өз тарапынан спортты дамыту үшін барлық жағдайларды құруға тырысады: спорт алаңдары құрылуда, білікті жаттықтырушылар шақырылуда, спорт формасы сатып алынуда.

  Салтанатты марапттау сыйлықтарды тапсырумен, жоо басшылығымен ҚММУ үздік спортшыларымен фотоға түсірімімен аяқталды. 

  ҚММУ спорт клубы волейбол бойынша ҚММУ құрамсының ойыншылары Қарағанды қаласы құрама командасының құрамындағы  «Арай - 2015» X  Спартакиадасының күміс жүлдегерлеріне ие болған Жандарбеков Олжасты және Бухмиллер Владимирді құттықтайды.

  ҚММУ спорт клубы.


0
14871

пікірлер

пікір қалдыру үшін.