Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Эссе конкурсы

Эссе конкурсы

23 Қыркүйек 2015

17 қыркүйекте Қарағанды қаласы әкімдігінің қолдауымен Жастармен жұмыс жөніндегі орталығы «Ұлы жеңісті жүрегімізде сақтаймыз!» атты қалалық шығармашылық эссе конкурсын өткізді.

  Конкурстың негізгі мақсаты – ҰОС адагерлеріне және халқымыздың тарихи естеліктеріне құрметпен қарауды қалыптастыру үшін жағдай жасау, сонымен қатар жастардағы шығармашылық әлеуетті арттыру.

  Конкурс әртүрлі деңгейде өтті: «мектеп оқушылары арасында», «орта мамандырылған оқу орындарының студенттері арасында» және «жоғары оқу  орындары студенттері арасында». Қарағанды мемлекеттік медицина университетінен 1-2 курс студенттері қатысты.

  Жеңімпаздардың есімдері 21 қыркүйекте белгілі болды. Жоғары оқу орыны арасынан ҚММУ студенті Сәндібекова Гаухар (2-050 ЖМ) гран – при жеңімпазы болғандығын атап өткізіміз келеді. Сонымен қатар, барлық қатысушылар - Қонысбеков Ернар (1-034 ЖМ), Зиятдинова Меруерт (3-024 ЖМ), Аманбаев Оразбек (2-029 ЖМ), Бөрібек Әлия (2-023 ЖМ), Жеңісбекова Маржан (2-013 ЖМ), Жұмабекқызы Айнұр (3-004ЖМ), Ибрагим Тоғжан (4-047 ОМ), Қасымова Әсем (2-035 ЖМ), Қуаныш Сабира (3-009 ЖМ) алғыс дипломдарымен марапатталды.

  Жастармен жұмыс жөніндегі бөлім конкурстың барлық лауреаттарын және жеңімпазды шын жүректен құттықтайды. Шығармашылық даму және келешекте табыс тілейміз.

  Дәулет Қайрберлин

СП «Самрұк»


0
14530

пікірлер

пікір қалдыру үшін.