Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Тазалық кубогы

Тазалық кубогы

22 Қыркүйек 2015

Қоғамдық маңыздылығы бар орындардың (саябақтар, алаңдар, гүлзарлар)  экологиялық және санитарлық жағдайын жақсарту және жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында 2015 жылдың қыркүйек айының 19 жұлдызында Орталық саябақ аумағында қаланың жоғарғы оқу орындары мен колледж студенттеінің қатысуымен «Тазалық кубогы: студенттік лига» атты жастар арсындағы қалалық турнир өткізді. Біздің университет те қалыс қалмай, осы конкурсқа қатысты.

Турнир келесідей кезеңдерден тұрды: команда атауының, ұранының және формасының ерекшелігі бағаланатын

- «Эко- карта», команда капитаны басшылығымен жүзеге асырылатын - «Таныстырылым». Біздің команда «Отан Ана» деген атаумен, "Отан ана, Отан ана деп өсірді ел арысың, ал арысың қорғайды ел намысын, тер төгеміз, тер төгеміз табиғаттың жаны үшін!" ұранын шырқады.

- «Экологиялық викторина» кезеңінде студенттерге сұрақтар қойылды. Біздің студенттер 10 сұрақтың 5-еуіне жауап беріп, өздерін жақсы қырынан танытты. Сұрақтар негізінен «Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне», сонымен қатар «ЭКСПО-2017 - Болашақ энергиясы» халықаралық көрмесі тақырыбына арналды. Жауаптар арнайы карточка арқылы жазбаша берілді.

- «Негізгі кезең» кезеңінде жекелеген аумақтарды тазалау және абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, команда жұмысының сапасы, команданың келісілген іс-әрекеттері бағаланды. Осы кезеңде біздің команда 48 қап бейорганикалық қоқыс жинады! Осының нәтижесінде Қарағанды қалалық әкімдігінің атынан сертификат пен мадақтама қағазы табыс етілді.

"Самұрық" Студенттік республикасының атынан лайықты өнер көрсеткендері үшін келесі студенттерге алғыс білдіреміз: Асыл Сұлтанбекова, Гүлназ Аяғанова, Оңгарсын Сияр, Руслан Майлыбаев, Мұрат Кабаков, Нармұрад Ганиев, Айгүл Джетибаева, Ағила Фазыл, Мөлдір Сәрсенбек.

Ерболат Асқаров

«Самұрық» Студенттік Республикасының

ақпарат және байланыс министрлігі


0
14434

пікірлер

пікір қалдыру үшін.