Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Ал сіз жазылып үлгердіңіз бе?

Ал сіз жазылып үлгердіңіз бе?

22 Қыркүйек 2015

Сіздің мүмкіншілігіңіз бен қызығушылығыңыз бар ма? Сіз басқа еш жерге жазылмадыңыз ба? Ендеше қыркүйек айының 19-жұлдызында сағат 12:00-де келіп, әрқайсымыздың жан-жақты дамуымызға  және өсуімізе септігі тиетін, сондай-ақ өзіңізді жақсы қырынан танытуға мүмкіндік беретін  университетіміздің әр түрлі үйірмелер , клубтар мен топтарымен танысуға үлкен мүмкіндігіңіз бар. Келгендер,  негізінен бірінші курс студенттері, үйірме жетекшілерінің таңыстырылымдарын тыңдап және жеке іс-қимыл жоспарларымен танысып, ішкі регламенттер мен осы клуб жұмысының басымдықтарына қатысты сұрақтар қоя алды.

«Алло, біз таланттарды іздейміз !» іс-шарасында келесі бағыттағы үйірмелердің жетекшілері сөз сөйледі: «Golden step » спорттық және бал билері үйірмесі, «Этюд» шоу-балеті, «Қаракөз» шығыс биілерінің ұлттық ансамблі,  « Намыс » және  «INSIGHT» дебат клубтары , «KazMSA» Қазақстан медицина жастары қауымдастығы, бастамашыл жастар клубы, вокалдық ән үйірмесі, « Yes Team »  заманауи би тобы, домбыра оркестрі, қазақ және орыс лигаларының КВН клубтары, театр, поэзия, бейнелеу өнері үйірмелері, «Жұлдыз» жастар денсаулық орталығы. Ұйым өкілдері өз жұмыстары жайында айта отырып, «жас» қатысушыларды өз жағына барынша тартқысы келді. Өз таңдауларының артықшылықтарын жарнамалап, өздерінің талаптары мен міндеттерімен таныстырды.

Қатаң таңдауға қарамастан, қандай да бір үйірмеге жазылғысы келетіндер саны аз болған жоқ. Және де, қатысушылар бірнеше үйірмеге болмаса да, тым болмаса бір үйірмеге өз кандидаттығын ұсынды деп ойлаймын.

Іріктеу қазірдің өзінде басталып кетті. Алдын-ала жазылып бола салысымен, вокалисттер мен «Қаракөз» ансамблінің бишілері өз мүмкіндіктерін көрсетіп, соңында үйірме қатысушыларының соңғы тізімін біле алды. Ал басқа бағыттағы үйірмелер алдын-ала тыңдау барысында қатысушыларды таңдайтын болады.

Ендеше барлық қатысушыларға сәттілік тілей отырып, шыдамдылыққа және өз қызметін адал атқаруға шақырамыз!

Ерболат Аскаров

«Самұрық» Студенттік Республикасының

Ақпарат және байланыс министрлігі


0
14285

пікірлер

пікір қалдыру үшін.