Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Болашақ жеңістерге алғашқы қадам

Болашақ жеңістерге алғашқы қадам

17 Қыркүйек 2015

2015 жылдың 15 қыркүйек күні "Самұрық" студенттік Республикасының Спорт министрлігінің кездесуі өтті. Кездесудің негізгі мақсаты – дене шынықтыру мәдениеті және спортқа студенттерді ынталандырудың жағдайлар кешенін аңықтау.

Кездесуде «қазақша күрес» халықтық спорт түрін дамыту сұрақтарына ерекше назар аударылды. Кездесуге «Қазақша күрес» секциясының жаттықтырушысы Асхат Каригулович және жиырмадан астам жоо-ның үздік спортшылары, қалалық, облыстық, аймақтық және халықаралық жарыстардың жүлдегерлерi, Қазақстан Республикасының спорт шеберлерi мен спорт шеберiне үміткерлері қатысты.

Спорт министрі Ермұрат Зекен 2015-2016 оқу жылына минстрліктің жұмыс жоспарын және «ҚММУ Барысы» турнирін өткізу жоспарын ұсынды.

Кездесудің қорытындысында министрліктің жұмыс жоспарының орындалу мониторингін жүргізу үшін әр ай сайын спорт белсенділерінің жиналысын өткізуге шешім қабылданды.

«Самұрық» Студенттік Парламентінің

ақпарат және байланыс вице – министрі

Дәулет Қайрберлин

0
14761

пікірлер

пікір қалдыру үшін.