Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ҚММУ «Самұрық» студенттік парламентіне сайлау

ҚММУ «Самұрық» студенттік парламентіне сайлау

11 Қыркүйек 2015


5 қыркүйекте Қарағанды мемлекеттік медицина университеті бас корпусының 329 дәрісханасында ҚММУ «Самұрық» студенттік парламентке жыл сайынғы сайлау өтті. Осы жылдан бастап біздің жоо-ның студенттік өзін-өзі басқаруы басқа форматта жұмыс істейтін болады: студенттік өзін-өзі басқару комитетінің (СӨӨБК) орнына басқару органдары Президент, 9 депутат және 12 министрлік болатын ҚММУ «Самұрық» студенттік парламенті күшіне кіреді.

Біздің жоо-ның әрбір студенті сайлау байқауындағы студенттік министрлер, вице-министрлер және хатшылар лауазымдарына өз кандидатурасын ұсына алды. 25 шілдеден 25 тамызға дейін «Самұрық» сайлауға қатысуға ұсынымдар онлайн тәртібінде қабылдады. Сайлауға қатысуға ұсынымды жөнелту үшін ҚММУ студенттерінің әлеуметтік желілеріне және топтарына жіберілген сауалнаманы толтыру қажет болды. Қорытындысында 80 ұсыным қабылданды. Өтінішті жөнелткеннен кейін кандидаттар портфолио, 2015-2016 оқу жылын жұмыс жоспарын дайындап, сұхбаттасудан өту керек болды. Атап өтетін жайт, сайлауға қатысуға GPA жоғары студенттер ғана қатыса алды.

Сайлау оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор В.Б. Молотов-Лучанскийдің насихаттау сөзінен басталды. Ол университет әкімшілігі және студенттік өзін-өзі басқару органдарының бірлескен жұмысының маңыздылығын айрықша баса айтты.

Темірлан Саматов, «Самұрық» президенті, студенттік парламенттің депутаттары және құрылымы көрсетілген таныстыру рәсімімен сөз айтты.

Сайлаудың І кезеңінде кандидаттар 3 фракцияға бөлінді. Әрбір кандидатпен депутаттар сұхбаттасу жүргізіп, болашақ жылға жұмыс жоспарымен танысты. Осының барлығы жалпы медицина және стоматология факультеті деканатының өкілдері және жастармен жұмыс жөніндегі бөлімінің қызметкерлерінің, бақылаушыларының қатысуымен өткізілді. 

ІІ кезеңде депутаттардың жабық дауыс беруінен кейін студенттік министрліктердің министрі, вице-министрі және хатшысы болған кандидаттардың аттары аталды және тағайындалды. 

«Сайлау туралы хабарландыруды көргеннен кейін мен ойланбастан өз кандидатурамды бердім. Сайлау қатал және күптігей түрде өтті. Маған сайлауға қатысқан өте қызықты болды: мен көп маңызды ақпарат білдім, пікірлестермен таныстым және біздің студенттік өзін-өзі басқарудың, яғни университеттің дамуына өзімнің бірінші қадамымды жасадым. Берілген мүмкіндік және жоғары дайындық үшін Университет әкімшілігін және «Самұрық» студенттік парламентіне алғысымды білдіремін»  - деп, жаңа тағайындалған «Самұрық» студенттік парламентінің мәдениет министрлігінің хатшысы Жансая Жұмабай айтты.

 

«Сіздер жарайсыңдар, біз осындай дайындық болатындығын күткен жоқпыз және сайлауға шындап қарағандарыңызға қуанамыз. Әрқайсыңызға алғыс білдіреміз!» - деп әрбір депутат ерекшелеп айтты.

«Самұрыққа» сайлау» ұйымшылдықпен және жоғары деңгейде өтті. Біз өз студенттерімізді түрлі жақтан көргенімізге қуанамыз: олардың кеудемсоқтықтары және студенттердің әлеуметтік – құқықтық өмірін жақсартуға ұмтылыстары, болашақ жылға қызықты жұмыс жоспарлары қызықты», - деп, сайлау қорытындысында бақылаушылар өз пікірлерімен бөлісті.

Сонымен, 5 қыркүйекте «Самұрық» депутаттары министрліктердің министрлерін, вице-министрлерін және хатшыларын сайлады.

Біз ҚММУ студенттік парламент «Самұрық» өкілдерімен таныстырайық:

ҚММУ Студенттік Республикасының Президенті

Темірлан Саматов

ҚММУ Студенттік Парламент «Самұрық» депутаттары

1-фракциясы депутаттар:

Сияр Оңғарсын

Жұлдыз Қуаныш

Игорь Фисенко

2-фракциясы депутаттар:

Руслан Майлыбаев

Ағила Фазыл

Әсел Садуақасова

3-фракциясы депутаттар:

Алуа Кенесова

Айгуль Джетибаева

Айжан Хамзина

ҚММУ студенттік парламент «Самұрық» министрлері

Студенттік білім беру министрлік

Камила Молдахметова

Студенттік студенттердің құқықтарын және қызығушылықтарын қорғау бойынша министрлік

Нұрберген Беласаров

Студенттік мәдениет министрлігі

Айдын Тельманов

Студенттік ғылыми министерлігі

Айнұр Алпысбаева

Студенттік жемқорлыққа қарсы күрес бойынша министрлігі

Ануар Ербосынов

Студенттік спорт министерлігі

Ермұрат Зекен

Студенттік байланыс және ақпарат министрлігі

Әсел Исатаева

Студенттік патриоттық және құқықтық тәрбие бойынша министрлік

Гүлден Жоломанова

Студенттік әлеуметтік жұмыс бойынша министрлік

Мадина Тулегенова

ҚММУ Ерікті халықтар достастығы (ЕХД)

Гасан Абдулаев

Студенттік діни экстремизмнің алдын алу және күресі бойынша министрлік

Нұрмахан Жолшыбек

Студенттік еңбек министрлігі

Тамерлан Қали

1-фракцияға жауапты

2-фракцияға жауапты

3-фракцияға жауапты

Факультеттердің студенттік өзін-өзі басқаруы

Жатақханалардың студенттік өзін-өзі басқаруы

Студенттік қоғамдық бірлестіктері

Еске саламыз, әрқайсысыныз қызықтырған министрліктерге өз идеяларыңызды ұсынып, бірге жұмыс істеп және белсенді боламыз! Бірге біз кемшіліктерді жөндеп және студенттік өмірді жақсартуға барлығын істей аламыз!

Біздің белсенділер қатарына қосылыңыз! Біз әрқайсысына қуанамыз!

Әсел Исатаева

ҚММУ «Самұрық» СП байланыс және ақпарат министрі


0
18068

пікірлер

пікір қалдыру үшін.