Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Бірыңғай мақсат, бірыңғай ықыластар

Бірыңғай мақсат, бірыңғай ықыластар

26 Тамыз 2015

Қарағанды облысындағы республикалық ақпараттық тобының жұмыс кестесі бойынша Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің акт залында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ғылым және адами ресурстар департаментінің директоры Алма Әлібекқызы Сыздыкова «Ұлт жоспары – 100 нақты қадамын» жүзеге асыру барысын түсіндіру бойынша медицина қоғамдастығына және әлеуметтік сала қызметкерлерімен кездесті.

Кездесу қатысушыларының көптігіне Алма Әлібекқызы «100 қадам» -Ұлттық жоспары Қазақстан Республиксының әрбір азаматының тағдырында маңызды рөл ойнайтынына көңіл аударды.

Одан басқа, медицина қызметінің сұрақтары бойынша нақты қадамдар қарастырылып және түсіндірілді: міндетті әлеуметтік сақтандыру (№80 қадам), дербес медицинаның дамуы, медицина мекемелерінде корпоративті басқаруды енгізу (№81 қадам), Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі жанындағы медицина қызметтері сапасы бойынша біріккен қоғамдық комиссиясын құру (№82 қадам).

Біздің университет студенттерінің атынан СӨӨБК төрағасы Темірлан Саматов шықты. Ол университтегі студенттермен барлық жұмыс Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүргізіледі. 

Кейін, Алма Әлібекқызы қойылған сұрақтарға толық жауап берді.

Кездесу аяқталды, ал біздің алдағы жұмыстарымыз әлі де көп, ең алдымен «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарының мағынасы мен маңыздылығын түсіну.

Жастармен жұмыс жөніндегі бөлім


0
15694

пікірлер

пікір қалдыру үшін.