Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Жедел ішек инфекциялары (балаларда және ересектерде), диагностикалаудағы және емдеудің заманауи әдістері» республикалық оқыту семинары

«Жедел ішек инфекциялары (балаларда және ересектерде), диагностикалаудағы және емдеудің заманауи әдістері» республикалық оқыту семинары

16 Шілде 2015

2015 жылдың 10-11 шілдесінде Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің базасында «Жедел ішек инфекциялары (балаларда және ересектерде), диагностикалаудағы және емдеудің заманауи әдістері» республикалық оқыту семинары өтті.

Семинар жұмысына медициналық жоғары оқу орындарының (Алматы, Астана, Ақтөбе, Қарағанды, Семей, Шымкент) ересектер мен балалар инфекциясы кафедраларының меңгерушілері, жетекші ғалымдары, Қазақстанның барлық аймақтарының инфекционист дәрігерлері, жалпы практика дәрігерлері, педиатрлар қатысты.

Семинар аясында ЖІИ емдеудің заманауи тәсілдері, күрделі және қиын науқастарды қарау барысында клиникалық хаттамаларды және БДҰ ұсыныстарын, жүкті әйелдерді, ерте жастағы балаларды, егде жастағы тұлғаларды жүргізуде олардың ерекшелігін ескеру қажеттігі талқыланды.

БДҰ мәліметі бойынша жыл сайын «диареямен» 1-1,2 млрд. дейін ауырғандар тіркеледі және жыл сайын ЖІИ мен олардың асқыну салдарынан шамамен 5 млн. бала өлім құшады. Барлық ЖІИ оқиғасының 60-65% жуығы балалардың үлесіне келеді, ал олардың ішінде жиі 1-ден 7 жасқа дейінгі балалар ауырады. Ең жоғарғы көрсеткіштер 2 жасқа дейінгі балалар жасындағы топта тіркеледі. 2015 жылдың 6 айында республикада ЖІИ 4988 оқиғасы тіркелді, оның ішінде 3723 балалар, халықтың 100 мың тұрғынына науқастану көрсеткіші 23,5 (2014 – 31,1) құрады.

    ЖІИ соңы көп жағдайда науқастың уақытында қаралуға келуі, ерте диагностикаға және тиімді емдеуге байланысты болады. Ауру тіпті дұрыс емделгеннің өзінде, жедел ішек инфекциясы бірқатар органдар мен жүйелер қызметінің бұзылуына әкеледі, балалар мен қартайған тұлғалардың денсаулық индексі төмендеп, алуан-түрлі инфекциялық және соматикалық ауруларға шалдығу бейімділігінің қалыптасуына ықпал жасайды.

    Бұның бәрі аталмыш мәселенің маңыздылығын және Қазақстан Республикасы мен жақын шетелдің жоғары оқу орындарының инфектология саласындағы жетекші ғалымдарын жұмылдырып, инфекционист, жалпы практика дәрігерлері, педиаторлар, терапевтер үшін оқыту жүргізу қажеттігін дәлелдейді.


0
16638

пікірлер

пікір қалдыру үшін.