Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Магистранттардың қорытынды аттесттауы

Магистранттардың қорытынды аттесттауы

03 Шілде 2015

Қорытынды аттесттауға 43 магистрант жіберілді және МАК бірінші кезеңінен – кешенді тестілеуден сәтті өтті. Кешенді тестілеу 13.05.2015 жылы өткізілді.

МАК екінші кезеңіне 6М110100 «Медицина» (ғылыми және педагогикалық бағыт) мамандығы бойынша 20 магистрант, 6М110500  «Медициналық-профилактикалық іс» (бейіндік бағыт, ғылыми және педагогикалық бағыт) мамандығы бойынша 3 магистрант, 6М110200 «Қоғамдық денсаулық сақтау» (бейіндік бағыт, ғылыми және педагогикалық бағыт) мамандығы бойынша 14 магистрант және 6М110400 Фармация (ғылыми және педагогикалық бағыт) мамандығы бойынша 4 магистрант жіберілді.

Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру бойынша МЖМБС және білім алушылардың қорытынды аттесттауын жүргізудің үлгілік ережесіне сәйкес міндетті компоненттің базалық және бейіндік пәндерінің мазмұнын көрсететін тесттік сұрақтар дайындалды.

Екінші кезең – Магистрлік диссертацияларды қорғау 09-22.06.2015 ж. аралығында өткізілді.

Магистрлік диссертацияны қорғауға магистранттарда түптелген диссертациялық жұмысы, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қысқаша рефератты дайындаулары, ғылыми жетекшінің оң пікірін алуы, ғылыми басылымдарда диссертация тақырыбы бойынша кемінде бір жарияланымы  және ғылыми конференцияда жасаған баяндамасының болуы, плагиатқа тексеру турала анықтамасы болуы керек. Сонымен қатар, магистранттар диссертациялық жұмысқа пікірсарап және шығарушы кафедра мен ғылыми – сараптамалық комиссияның диссертациялық жұмысты қорғауға ұсыну туралы оң шешімін алулары тиіс.

Келесі мамандықтар бойынша 41 диссертациялық жұмыс ұсынылып және табысты қорғалды:

6М110100- Медицина (ғылыми және педагогикалық бағыт).

6М110200- Қоғамдық денсаулық сақтау(ғылыми және педагогикалық, бейіндік бағыттар).

6М110500- Медициналық-профилактикалық іс(ғылыми және педагогикалық, бейіндік бағыттар).

6М110400- Фармация (ғылыми және педагогикалық бағыт).

Барлық диссертациялық жұмыстар мемлекеттік аттестаттау комиссиясымен жоғары бағаланып, отырған мамандармен «өте жақсы» және «жақсы» бағалары қойылды. Ғылыми жұмыстар қазақ және орыс тілдерінде қорғалды.

МАҚ төрағалары қорытынды сөздерінде барлық магистрлік жұмыстардың жоғары сапада дайындалғандығын айтты, магистрлік курсқа жауапкершілікпен қарағаны үшін алғыстарын білдірді, алда табыс және мансаптық сатымен жоғарлауды тіледі.

ҮКДФ деканаты төрағалардың сөздеріне қосылып магистрлерге кәсіби табыс, ал кафедраларға - жолақты жоғары ұстап және жоғары білікті мамандарды шығаруына тілейді!

ҮКДФ деканаты


0
17400

пікірлер

пікір қалдыру үшін.