Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
II Жазғы студенттік микробиологтар мектебі

II Жазғы студенттік микробиологтар мектебі

30 Маусым 2015

2015 жылдың маусым айының 15-18 жұлдызы аралығында ҚММУ-ң микробиология кафедрасында II Жазғы  студенттік микробиологтар мектебінің (ЖСММ) сабақтары өтті. Ұйымдастыру және өткізу шаралары кафедраның меңгерушісі, доцент С.Б.Ахметованың, доцент Л.Г. Филатованың, оқытушы Г.А.  Назаренконың басшылығымен өткізілді.

II Жазғы  студенттік микробиологтар мектебінде Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінен, «Астана медицина университеті» АҚ, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінен келген «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Жалпы медицина», «Биотехнология» мамандықтары бойынша оқитын студенттері және біздің кафедраның үйірмесіне қатысатын студенттер қатысты. Мектептің сабақтары теориялық және клиникалық микробиологияның өзекті заманауи аспектілерін зерттеуге арналды. 

Дәрістер, таныстырулар, семинарлық сабақтар кафедраның оқытушыларымен өткізілді: доценттер С.Б. Ахметова, Л.Г. Филатова, Г.А. Абдулина, докторант Д.Б.Бабенко, аға оқытушылар Н.А. Шамбилова, С.К. Байгужина, Ж.С. Сайлау, оқытушы Б.М.Сраулканова,  дәрігер-бактериолог А.Д. Джантасова.

Микробиологиялық олимпиада өткізілді, нәтижелері бойынша дипломдар берілді: бірінші дәрежелі диплом - Коняшина Надежда («Астана медицина университеті» АҚ), екінші дәрежелі диплом - Искакова Әлия (ҚММУ), үшінші дәрежелі диплом - Чентемирова Ляззат («Астана медицина университеті» АҚ).

Студенттер ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша баяндамалар ұсынды, нәтижелері бойынша дипломдар берілді: бірінші дәрежелі диплом – Габдуллин Самат  «Сравнительный анализ динамики развития ВИЧ в г. Астане» («Астана медицина университеті» АҚ), екінші дәрежелі дипломдар – Кабдуллина Қымбат «Создание электронного кабинета «диабетическая стопа» (ҚММУ) және Мисирова Фариза «Сравнительная характеристика дифференциальных методов диагностики туберкулеза. Факторы, определившие эпидемиологическую ситуацию в РК» («Астана медицина университеті» АҚ), үшіншідәрежелі дипломдар – Жумабаева Адель және Смагулова Аида «Коронавирусы и угроза проникновения вируса MERS-Cov из стран Восточной Азии и Ближнего Востока на территорию Казахстана» («Астана медицина университеті» АҚ). 

II Жазғы  студенттік микробиологтар мектебінің аудиториялық сабақтары Қарағанды қ. Облыстық қан орталығы ҚМКК, ҚММУ-ң ғылыми зерттеу орталығы Ұжымдық пайдалану зертханасына, «Natige» ЖШС сүт комбинатының микробиологиялық зертханасына экскурсиямен жалғасты.  

II Жазғы  студенттік микробиологтар мектебінің қатысушыларына мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылды: ҚММУ-ң мұражайына, университеттің корпустарына, Облыстық өлкетану мұражайына, саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайына (КарЛаг) экскурсияға барды. 

Қорытынды сабақ «Медик» (Топар к.) демалыс орнында өтті, студенттер ғылыми жұмыстарымен таныстырды.

Сабақтар қызу, барлық баяндамалар мен таныстырулар белсенді талқылаумен өтті, ҚР басқа жоғарғы оқу орнынан келген студенттермен біздің студенттер тәжірибемен  алмасты.   

Микробиология кафедрасының қызметкерлері II Жазғы  студенттік микробиологтар мектебін өткізуге көмектескен  ҚММУ-ң ректоры м.ғ.д., профессор Р.С. Досмагамбетова, оқу-тәрбие жөніндегі проректоры  м.ғ.д., профессор В.Б. Молотов-Лучанский, тәуелсіз кәсіподақтың төрағасы Н.Н. Наурызов және барлық көмекші қызметкерлерге алғысын білдіреді.

Микробиология кафедрасы


0
17646

пікірлер

пікір қалдыру үшін.