Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Батырларға мәңгілік тағзым

Батырларға мәңгілік тағзым

15 Мамыр 2015

2015 жылдың 9 мамыр күні Қазақстан халқы 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл толуын мерекеледі. Осы Ұлы мереке қарсаңында Қазақстан Республикасының барлық аймақтарында ҰОС ардагерлері мен еңбек ардагерлерін құрметтеудің салтанатты шаралары өткізілді, сонымен қатар, соғыс майданында өмірлерін қиған батыр-жауынгерлерге құрмет пен нұрлы естеліктер жасалды.

«Мәңгілік алау» Мемориалды кешенінде гүл шоғы мен алқагүл қою рәсімі қаламыздың тұрғындары мен қонақтарының тұрақты дәстүрі болып табылады. Мәңгілік алау – бұл 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің құрметіне арналған мемориалдық кешен.

«Батырларға мәңгілік тағзым» –  бұл сөздер халық батырларын мәңгі есте сақтау мақсатында  ескерткіштің жоғарғы жағына көмкеріліп жазылған. Соғыста құрбан болған жауынгерлер мен олардың ерліктерін бейнелейтін мәңгілік белгі ретінде алаңның ортасындағы монументтің алдында ішінде күні-түні от жанып тұратын,  қоладан жасалған жұлдыз орналастырылған. Кешенді екі жағынан соғыстан оралмаған солдаттардың есімдері көмкеріліп жазылған мемориалды тақталар орналастырылған Батырлар саяжолы толықтырып тұр.

Әскери кафедраның жеке құрамы мен студенттері осы атаулы күнде шеттеп қалмай, «Мәңгілік алау» Мемориалды кешенінде соғыс жылдарында қаза тапқандарға естелік ретінде гүл шоғы мен алқагүл қоюға белсенді түрде ат салысты.

Алқагүл қою рәсімінің алдында салтанатты митинг өтті. Онда Әскери кафедра бастығы, медицина қызметінің полковнигі Мұхаметжанов Амантай Мұқанбайұлы сөз сөйледі. Әскери кафедра бастығы өзінің алғы сөзінде жерлестеріміздің есімдері олар туып-өскен Қазақстанның көптеген елді мекендеріндегі даңқ ескерткіштерінде мәңгілікке жазылғанын айтып өтті.

Әскери кафедра бастығының сөйлеген сөзінен кейін студенттер әскери-патриоттық өлеңдер оқып, соғыста қаза болғандардың барлығына бір минуттық үнсіздікпен құрмет көрсетті.

Митингінің соңында жиналғандар алқагүл қойып, Ұлы Отан соғысынан оралмаған жауынгерлердің аты-жөндері көмкеріліп жазылған мемориалды тақталар орналасқан Мәңгілік алаудан бастап, Жеңіс саябағының ортасына дейін созылып жатқан негізгі Батырлар саяжолында шерумен жүріп өтті.

ҚММУ Әскери кафедрасының

аға оқытушысы

запастағы подполковник С. Горшков


0
17829

пікірлер

пікір қалдыру үшін.