Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті

«Men in white»

24 Сәуір 2015

2015 жылдың 15 сәуірінде ҚММУ акт залында 4-курс бойынша жалпы медицина және стоматология факультетінің декан орынбасары А.С.Байменова және 4-курстың СӨӨБК басшылығымен «Men in white» атты байқау өтті. Байқауда «Жалпы медицина» мамандығының 4-курс студенттерінен құралған 4 команда қатысты: «Стиляги» командасы, «Абзал жандар» командасы, «Х» командасы және  «Адреналин» командасы.

«Таныстыру» турында командалар өздерін еркін формада таныстырса, «Немое кино» турында дыбыстатудың өз нұсқасымен кинофильмдерден үзінділерді ұсынды, «Разминка» турында командалар кафедра оқытушыларының пәндер бойынша сұрақтарына жауап берсе, «Қара жәшік» турында командалар медициналық құралдармен көріністерді қойды.

Командалардың зияткерлік, әзіл-сықақ, креативті идеяларын әділ-қазылар алқасының төрағасы, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор В.Б.Молотов – Лучанский, клиникалық жұмыс және түлектерді жұмыспен қамту бөлімінің бастығы Б.К.Омарқұлов, интернатура факультетінің деканы В.Б.Ташкенбаева, жалпы медицина және стоматология факультетінің деканы К.К.Төлеубеков және «Жалпы медицина» мамандығының 5-курс студенті К.Ильина бағалады. 4-турдың нәтижесі бойынша 1-орынды «Адреналин» командасы, 2орынды «Стиляги» командасы және 3 орынды «Х» командасы иеленді. «Абзал жандар» командасы жұбанышты жүлде алды.

Әділ-қазылар алқасы байқаудың қызықты форматын, залдың жылы қабылдауын ерекше атай отырып, болашақта осындай байқаудың  дәстүрлі өтуін тіледі.

Сулейменов Мадияр

Жалпы медицина және стоматология факультетінің

4 курс СӨӨБЖ ақпараттық секторы


0
18331

пікірлер

пікір қалдыру үшін.