Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Ұлттық ғашықтар күні

Ұлттық ғашықтар күні

24 Сәуір 2015

2015 жылдың 15 сәуірінде ҚММУ-дың №1 корпусында акушерлік және гинекология кафедрасының қызметкерлері «Жалпы медицина» мамандығының 6-004 топ интерн акушер-гинекологтарының қатысуымен Ұлттық ғашықтар күніне орай, қалаусыз жүктіліктен сақтану бойынша білім акциясын өткізді.

Акцияға, сол корпусқа сабаққа келген барлық факультеттердің 1-3 курс студенттері қатысты. Танып білу мақсатында викторина өткізілді, онда Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу туралы аңызды білетін -білмейтіндіктері, контрацепция әдістері және жалпы білім тақырыптары туралы сұрақтар қойылды. Ең жақсы ғашықтық сезімді білдіру сайысы қатысушыларға өте қатты құлшынушылықпен, жігерілікпен қабылданды.

Осындай мүмкіншілікті тек қана бір-біріне ғашықтық сезімін білдірген қыздар мен жігіттер ғана емес, №1 корпустың қызметкерлері де өздерінің басшылығына деген шынайы сыйластық сезімдерін білдірумен қолданып қалды. Барлық қатысушылар сый-сияпаттан құр қалған жоқ. Акцияның соңында есте қалған ең жарқын сәт, университеттің ауласында болған флешмоб болды.

Жастар жүрек түріндегі фигураны түзіп, болашақ туралы армандарын іштерінен ойлап, көгілдір аспанға ду қол шапалақпен түрлі-түсті шарларды ұшырды.


0
18078

пікірлер

пікір қалдыру үшін.