Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Клиникаға кіріспе кафедрасының базасында ғылыми-тәжірибелік конференция

Клиникаға кіріспе кафедрасының базасында ғылыми-тәжірибелік конференция

23 Сәуір 2015

Қарағанды қаласы Әскери лазареттегі ҚММУ клиникалық базасында 03.04.15ж. Клиникаға кіріспе кафедрасы, Аллергология және иммунология кафедрасының  және әскери лазареттегі дәрігерлердің қатысуымен ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференция Әскери лазареттің мәжіліс  залында, Қарағанды гарнизонындағы бөлімдердің медицина қызметінің басшалары, лазареттің дәрігерлері, Клиникаға кіріспе кафедрасының меңгерушісі С.М.Кабиева, Клиникаға кіріспе кафедрасының ассистенттері А.Т Түймебаева, Н.Т. Абильдина, С.Е. Халмурадова, Е.А. Корнеева, Ж.А. Асетова, Аллергология және иммунология кафедрасының доцентті Н.Ш.Ахметова  және ассистенті  М.Р. Измайлович қатысуымын өткізілді.

Конференцияны Әскери лазареттің медициналық бөлім бастығының орынбасары медицина қызметінің капитаны Д.Х.Тұрбаев. Әскери лазареттің әскери-дәрігерлік комиссиясын жүргізу ережесі туралы баяндамасымен бастады. Сонымен қатар хирургия бөлімінің басшысы, медицина қызметінің  капитаны А.Б.Ташенов  және терапия  бөлімінің басшысы, медицина қызметінің  капитаны Е.А. Ли 2015ж І тоқсанында жүргізілген жұмыс туралы баяндады.

Аллергология және иммунология кафедрасы атынан «Поллиноз. Заманауй емдеу жолдары» атты өзекті тақырыпқа таныстыру ұсынды. Баяндаушы кафедра ассистенті Марина Рашитовна Измайлович.

Клиникаға кіріспе кафедрасының қызметкерлері келесі клиникалық жағдайларды талқылауды ұсынды:

1.  «Жас әйелдегі туберкулез мезаденит жағдайы. Диагностикасындағы қиындықтар». Дайындағандар: Клиникаға кіріспе кафедрасының ассистенті Айжан Төлегенқызы Түймебаева және  Сымбат Ержановқызы Халмурадова (жас әйел адам Қарағанды қаласының №1 қалалық ауруханыснда тексерілді).

2.  «4 жасар қыздың өкпесіндегі тератома. Диагностикасының ерекшеліктері». Клиникалық көрнісі. Дайындағандар: Назерке Тұрсынқызы Абильдина, Елена Аркадьевна Корнеева, Жанар Асенқызы Асетова (бала №3 ҚБА базасында тексерілді).

Барлық қатысушылар  тәжірибеде ұсынылған клиникалық жағдайларды белсенді  талқылады. Әскери лазареттің  қызметкерлері өткізілген шараның  тиімділігіне бір  дауыстан пікір берді, қызықты мәліметпен  танысқандарына  қуанышты болды.

Конференция соңында Клиникаға кіріспе кафедрасының меңгерушісі Сауле Маутқызы Кабиева  осындай кездесулердің,  клиникалық тәжірибе алмасудың қажеттілігін айтып, жылы шыраймен қабылдағандары үшін алғыс  білдірді.

А.Т Түймебаева, Е.А Корнеева.


0
19043

пікірлер

пікір қалдыру үшін.