Аурухана сайқымазағы
2014- жылдан бастап, университетіміздің ректоры, профессор Досмағамбетова Раушан Сұлтанқызының басшылығымен ҚММУ –да “Дәрігер Феликс” атты сайқымазақтардан құралған қайырымдылық тобы құрылды.
“Аурухана сайқамазағы” бұл аурухана сайқымазағының көмегімен науқас балаларда жағымды эмоция тудыру арқылы жүйелі қайта қалпына келтірудің бір бағыты.
Жағымды энергияны бойына жинаған бала, өзінен нұр шашып, қоршаған орта мен ойынға көп көңіл бөліп, ауруға берілуі аз болады.
Бұл баланы аурумен күресуде және емдеуде ынтасын жоғарылату үшін қайта қалпына келтіру кезеңінде өте қажет.
“Дәрігер Феликс” тобының қатысушылары:
Күлкі - ең жақсы ем деп бекер айтпайды екен. Балалар күлкілі сайқымазақтармен ойнап қуаныш пен шаттыққа бөленді, әрине аурухана сайқымазағының жағымды әсері зерттеу барысында бүкіл әлемге дәлелденді емес пе?!
“Дәрігер Феликс” тобы студенттермен тәрбие және әлеуметтік жұмыс бөліміне іс-шараны ұйымдастыруға қосқан көмегіне үлкен алғыс білдіреді.
Жұмадилова Жібек (3-016 ЖМ)
Театр өнері үйірмесі және “Дәрігер Феликс” жобасының жетекшісі