Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Германиямен ынтымақтастықты нығайтамыз

Германиямен ынтымақтастықты нығайтамыз

30 Наурыз 2015

9-наурыздан  20-наурызға дейін академиялық ұтқырлық шеңберінде Қарағанды мемлекеттік медицина университетіне Франкфурт клиникасының өкілдері  -  MD, PhDУльрих Битц және онкогематология ағамедбикесі миссис  Мануэла Майер келді.

Сапардың негізгі мақсаты-Қарағанды мемлекеттік медицина университеті мен Франкфурт клиникасы арасында  академиялық айырбастың шегінде  оқытушылар мен студенттердің «Мейірбике ісі», «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша  ынтымақтастығы әрі қарай ұлғайту болды.

«Жалпы медицина» мамандығының 4-курс студенттеріне алғашқы рет  профессор Ульрих Битц дайындаған ісік ауруларының диагностикасы мен шипасы туралы бірқатар дәрістерін  оқыды.

2015-жылдың  10-13 наурыз аралығында «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша студенттерге миссис Мануэла Майер анемия диагностикасы, лимфоаденопатия, бауыры зақымданған емделушілерге деген тактикалық қатынас  туралы дәрістер оқыды.

Франкфурт клиникасы өкілдерінің іс-сапары нәтижесінде «Жалпы медицина» және «Мейірбике ісі» мамандықтары бойынша 2015 ж. жазғы семестрі және 2015-2016 ж. күзгі семестрінің өндірістік практикасына академиялық ұтқырлық бойынша  келісімге қол жетілді.


0
19153

пікірлер

пікір қалдыру үшін.