Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Н.Тестимициан атындағы Мемлекеттік медицина және фармация университеті өкілдерінің сапары

Н.Тестимициан атындағы Мемлекеттік медицина және фармация университеті өкілдерінің сапары

30 Наурыз 2015

16-20 наурыз аралығында Қарағанды мемлекеттік медицина университетіне Молдавадан Н.Тестимициану атындағы Мемлекеттік медицина және фармация университетінің өкілдері  - Стелла Адаужи – фармацияның қауымдастырылған профессоры және патоморфология кафедрасының доценті - Евгений Мельник келді.

Молдова университетінен келген әріптестеріміздің болған уақытында олар біздің оқу және клиникалық базаларымызбен танысты, студенттермен, профессор-оқытушылар құрамымен, химия және патологиялық анатомия мен сот медицинасы курсымен фармацевтикалық пәндер кафедрасының құрамымен кездесті.

Жұмыс барысында кездесу кезінде 2015-2016 ж. академиялық ұтқырлық аясында оқытушылармен және студенттермен алмасу, «Фармация» мамандығы бойынша ортақ бағдарлама құру жөнінде және де  болашақтағы ғылыми ынтымақтастық бағыттарында сұрақтар қарастырылды және талқыланды.

Кездесу нәтижесі бойынша «Фармация», «Жалпы медицина», «Мейірбике ісі» мамандықтары бойынша академиялық ұтқырлықтың мерзімі және шарттары белгілі болды, Н.Тестимицану атындағы Мемлекеттік медицина және фармация университетіне бірлескен оқу бағдарламасының зертемелері қарастырылуға жіберілді.


0
17878

пікірлер

пікір қалдыру үшін.