Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Наурыз – халықаралық мейрам!

Наурыз – халықаралық мейрам!

20 Наурыз 2015

  Наурыз - бұл қазақ халқының ғана емес, бүкіл Азия халықтарының бес мың жылдан бері тойланып келе жатқан ең басты мейрамы. Наурыз - бұл табиғаттың қыстан оянып, көктем келіп, ағаштың бүршік жарып, жаңа жылдың және жаңа өмірдің басталғандығының белгісі. Наурыз мейрамы - табиғатқа табыну мейрамы. Оны 22 - наурыз күні күн  мен түн теңелгенде тойлайды.  Бұл күні аспандағы шоқжұлдыздар мен жұлдыздар өзінің жылдық айналымынан кейінгі бастапқы орнына қайта келеді де,  жаңадан жол бастайды. Наурыз мейрамы ғасырлардан бері ұрпақтарға бақыт пен байлық алып келіп, ертеңгі күнге сенімділік береді.

  Балалар жұқпалы аурулар кафедрасында Наурыз мейрамын тойлау жыл сайынғы салт дәстүр болып қалыптасқан және осы жылы да назардан тыс қалған жоқ. 18.03.2015ж. кафедрада Наурыз мейрамына арналған концерт өтті. Мейрамды ұйымдастыруға жалпы медицина және стоматология факультетінің 4-014, 4-015, 4-032, 4-039, 4-057, 4-091, 4-066 топ студенттері белсенді қатысты.

  Мерекелік безендірілген зал, құттықтаулар жазылған жарқын плакаттар әрбір келген қонақтың көңілін көтерді. Барлық қонақтарды мол жайылған дастархан қарсы алып, қонақтар ұлттық тағам Наурыз көже мен бауырсақтан дәм татты.

  Мерекелік бағдарламада: ән мен би, домбырамен шертілген күй, ұлттық дәстүрлер және тағы басқалары көрсетілді. Көрермендерге, әсіресе, жалпы медицина факультетінің 4-066 және 4-015 топ студенттері асқан шеберлікпен  қойған «түсау кесу» дәстүрінде медициналық тақырыптардың болғандығы және ұлттық  «қара жорға» биі ерекше ұнады және есте қаларлықтай болды. Вокалды дуэт Фролов Вадим мен Байназар Нұрлыайым шырқаған патриоттық «Туған жер» әні көрермендердің талмай қол соғуымен қошеметтелді. Концерт жүргізушілері Аманов Асым мен Зейнулла Гульзия мейрам тарихы туралы көптеген қызықты мәліметтерді көрермен қауымға жарыса жеткізді. Концерт мерекелік көңіл- күй мен жылы атмосферада өткізілді. Концерт біткеннен кейін студенттер мен кафедра қызметкерлеріне  студенттермен тәрбие және әлеуметтік жұмыс бөлімі басқарушысы  Б. А. Жумабеков, жалпы медицина және стоматогогия факультетінің орынбасары М.Қ. Елубаева, тәуелсіз кәсіподақ төрағасы Н.Н. Наурызов және балалар жуқпалы аурулар кафедрасының меңгерушісі Р.Х. Бегайдарова құттықтау сөздерін жеткізді. Кафедра меңгерушісі Роза Хасановна осындай үлкен және жарқын концертті ұйымдастыруға қатысқан барлық студенттерге өз атынан және ұжымның атыныан алғыс білдірді.

  Кафедра қызметкерлері барлық әріптестеріне Ұлыстың Ұлы Күні оң болсын дей отырып, көктемдік жылы көңіл-күй, зор денсаулық және әрқашан жарқын болашақ тіледі!

  Ю.Г. Стариков  Балалар жұқпалы аурулар кафедрасының доценті 


0
18167

пікірлер

пікір қалдыру үшін.