Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қазақстан туберкулезден еркін ел!

Қазақстан туберкулезден еркін ел!

20 Наурыз 2015

Бүкіл әлемдік туберкулезбен күрес күні аясында «Қазақстан туберкулезден еркін ел!» ұранымен 2015-жылдың 18-наурызында ҚММУ Фтизиатрия кафедрасының қызметкерлерімен «Туберкулез,берілу жолдары және алдын-алу» тақырыбында Қарағанды қаласының № 50 мектебінде іс-шара жүргізілді.

Дәрістің мақсаты - мектеп оқушыларын туберкулездің эпидемиологиясымен, Қазақстандағы туберкулездің эпидемиологиялық ерекшеліктерімен, берілу жолдарымен және алдын-алу шараларымен таныстыру.

Фтизиатрия кафедрасының ассистенті М.Т. Кожамуратовтың жетекшілігімен жүргізіліп жатқан іс-шараға  жалпы медицина факультетінің 4-008 топ студенттері де қатысты. Дәріс екі тілде оқылды (мемлекеттік және орыс). Дәрісті оқығандар: Н. Сермагамбетова  4-008-ші топ, ЖМФ - мемлекеттік тілінде және Лес Алтынай - орыс тілінде. Дәрісте мультимедиялық құрылғылар және интерактивті тақта қолданылды. Оқушыларға туберкулез жайында бейнебаян көрсетілді. Оқылған дәріс пен көрсетілген бейнебаян оқушылардың қызығушылықтарын арттырды. Студенттер мен оқушылардың арасында болған әңгіме бұл  тақырыптың тұрғындар арасында маңызды екенін көрсетті.

Фтизиатрия кафедрасының ассистенті  М.Т.Кожамуратов


0
18166

пікірлер

пікір қалдыру үшін.