Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Халықаралық күн – 8 наурыз!

Халықаралық күн – 8 наурыз!

20 Наурыз 2015

6-наурызда университеттің акт залында үлкен сәттілікпен Халықаралық әйелдер күні – 8-наурызға арналған концерт өтті. Бұл күні ҚММУ-де мерекелік, сүйіспеншілік пен жылулық көңіл-күйі таралды. Акт залының кіре берісінде айбынды жігіттеріміз әсем жанды аруларымызға гүл шоқтарын табыс етті және мереке қонақтарын қарсы алды.

Мерекелік концертті ашу құрметі дүниедегі ең қымбат жан – біздің аналарымыз туралы өлеңдерді оқыған «Жыр Жауһар» студенттік авторлық-ақындық клубының қатысушыларына берілді.

Әсем аруларамызыға арналған ресми құттықтау сөздерін оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Вилен Борисович Молотов-Лучанский және ҚММУ қызметкерлері мен студенттерінің тәуелсіз кәсіподағының төрағасы Нұрлан Нығметұлы Наурызов айтты.

Осыншама тамаша сөздерден кейін «Гүл сыйлайық анаға» әнімен Сұлтан Абылбеков концертті  жалғастырды. Содан соң өз өнерін «Қаракөз» және «Golden step» би ұжымдары көрсетті.

Ана – жердегі ең қасиетті! Әрқашан бұл сөзді естігенде ең жылы және қуанышты сезімге бөленесін. Аналарға сүйіспеншілік сезімдерін Айдар Тулеев «Ана сен бақыттысын» әнімен және Мақсат Сражадинов «Асыл ана» әнімен білдірді.

Саламат Онбай және Ерсайын Мусабаев залмен мерекелік концерттің мерекелік көңіл-күймен бөлісті.

Салтанатты жиналыстың қорытындысын жаса отырып айта кетеріміз, студенттермен тәрбие және әлеуметтік жұмыс бөлімімен ұйымдастырылған іс-шара қатысушыларға және көрермендерге ұнады, сонымен қатар барлық қатынасушыларға естен кетпейтін әсер мен сезімдер сыйлады.

Темирлан Саматов,

2-001 ҚДС тобының студенті,

СӨӨБК ғылыми секторының жетекшісі


0
18005

пікірлер

пікір қалдыру үшін.