Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Үздік мергендер.

Үздік мергендер.

18 Наурыз 2015

  Сенбіде 14 - наурызда , Университет тирінде ҚММУ оқ ату бойынша жеке біріншілік болып өтті. Турнир қазақ халқының сүйікті қызы, Кеңес Одағының Батыры мерген Әлия Молдағұлованы еске алуға арналды. Турнир ҚММУ спорт клубы Д.Ш. кафедрасымен бірлесіп ұйымдастырылды.

Жарысқа отыздан астам студент қатысты. Барлық қатысушыларға ҚММУ спорт клубының басшысы Ф.А. Батиров қарсы алды. Барлық қатысушыларға сәттілік тілей отырып,  Фахриддин Абдижапарұлы барлық жанкүйерлерді міндетті түрде келесі оқ ату бойынша туринирдің қатысушысы атануға шақырды.

Қорытындыны шығарғаннан  кейін, жарыстың жүлдегерлерін және жеңімпаздарын анықтады. Жасөпірімдер арасында екі қатысушы да бірдей 46 – ұпай жинады. Ереже бойынша «ондыққа» көп дәл тигізген қатысушы кіреді. Сондықтан осы көрсеткіш бойынша екінші курс студенті Ж. Тоқмағамбетов (2-089 ЖМ)  Т.Құлтановтан (2-021 ЖМ) «үстем түсіп» жеңімпаз атанды.

  Жеке біріншілікте қыздарда  50 – ден 43 ұпай нәтижесінде А. Қырғызова (2-001 СІ) жеңіске жетті.

 

  АйдынТельманов (1-011 ЖМ)


0
18202

пікірлер

пікір қалдыру үшін.