Ардагерлерге қамқорлық.
Ардагерлер – ұлы батырлықтың, ұлы қасіреттің дәлелі. Дәл осы ұлы адамдарға біз өмірімізбен қарыздармыз. Жыл өткен сайын олардың саны азаюда. Ал біз, кейінгі ұрпақ, ардагерлеріміздің жүзінен күлкі кетпес үшін қолымыздан келгеннің бәрін істеуге міндеттіміз.
8 - наурыз мейрамы қарсаңында Қазақстан медицина жастары қауымдастығының Жергілікті комитеті Қарағанды мемлекеттік медицина университеті атынан әртүрлі жылдарда біздің университетімізде еңбек еткен Ұлы Отан соғысының әйел-ардагерлерін және тыл еңбеккерлерін құттықтады.
Уақыт ешкімді аямайды. Барлық ардагерлеріміздің денсаулығы нашарлаған. Біразы нашар естиді және көрмейді, көбісі тіптен төсектен өз еркімен тұра алмайды, денсаулықтары сыр бере бастаған, бірақ соған қарамастан, бұл кісілер әрдайым әңгімеге ашық. Біздің сұрақтарымызды қызығушылықпен тыңдап, жылы жүзбен жауап берді. Өткенді: соғыс кезінде окоп қазып жүргендерін, тәулігіне 14-15 сағат бойы демалыссыз жұмыс істегендерін, аштықта жүргендерін, жағымсыз қарақағаз алғандарын және Ұлы Жеңіске бәрінің бірге қуанғандарын еске алып, көздеріне жас келді. ҚММУ-дағы жұмыс жылдары туралы қызықты оқиғалар айтылды. Өздерінің студенттері мен олардың жетістіктері жайында мақтанышпен еске алды. Мысалы, Г. Г. Шамсееваның қызы мұрағаттарға қызықты саяхат жасап, студенттерге бірнеше бағалы фотосуреттер мен анасының жазған мақаласы бар 1973 жылғы газетті сыйлады. В. Я. Галкина әр студентке естелікке кітаптан сыйлап, ҚММУ жұмыс кездерінің фотосуретімен бөлісті.
Ардагерлер ұмытылмаған және ешқашан ұмытылмайды да, осыны ҚММУ студенттері тағы бір мәрте дәлелдеді. Біз олардың әрқайсысына көк аспанымыз үшін, бейбітшілігіміз бен тыныштығымыз үшін – барлығы үшін есте сақтап, алғыс айтуымыз қажет.
Мұрат Ғазиза
2-035 ОМФ
Қазақстан медицина жастары қауымдастығы