Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Ақындар байқауы

Ақындар байқауы

17 Наурыз 2015

  24-ақпан күні «Мәдениет және тілдер дамыту бөлімі» ММ-нің қолдауымен Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ драма театрында Оралхан Бөкей және Мұқағали Мақатаев атындағы XІ қалалық ақындар байқау өтті. Қарағанды мемлекеттік медицина университетін «Жыр Жауһар»  студенттік авторлық-ақындық клубының мүшелері: Онбай Саламат (3-013 ЖМ), Смағұл Назгүл (3-033 ЖМ), Маканова Айзада (1-030 ЖМ) және Абдир Азамат (1-034 ЖМ) қатысты. Одан басқа байқауға ҚЭУ, «Болашақ» университетінің, политехникалық колледжінің студенттері, барлығы 50-ден астам қатысушылар болды. Байқау 2 кезеңнен құралды: басында, қатысушылар Оралхан Бөкейдің прозасынан үзінділерін оқып, көркем оқу дағдыларын көрсетті. Бірінші кезең қорытындылары бойынша, 15 үздік қатысушы мәнерлеп оқу сайысы екінші кезеңге өтті. Студенттер белгілі қазақстандық ақын Мұқағали Мақатаевтың ең жақсы көретін шығармаларын оқыды.

Байқау аяғында білікті әділ-қазылар жеңімпаздарды анықтады. ҚММУ студенттері арасынан үздік нәтиже көрсеткен жалпы медицина факультетінің бірінші курс студенті Абдир Азамат құрметті 3-ші орынды алды.

  Ақындық кеш ешкімді бей-жай қалдырған жоқ. Қарағандыда осындай мәдени акциялардың өткізілуі жақсы дәстүрге айналғаны қуантады, өйткені көркемсөз сөз бен жоғары поэзияға деген сүйіспеншілікті тәрбиелейтін іс-шаралар жастар үшін қажет.

Дана Садықова

«Жыр Жауһар» студенттік

авторлық-ақындық клубының жетекшісі


0
17965

пікірлер

пікір қалдыру үшін.