Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Достық турнирі.

Достық турнирі.

17 Наурыз 2015

5 -наурызда ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы Қазақстан Ассамблеясының 20-жылдығына орай, «Жастар – Қазақстанның интеллектуалды әлеуеті»  ашық пікірталас турнирін өткізді.

Турнир дәл уақытында басталды. Жеребе тастаудан кейін, қонақтар қарар тақырыбының бейтараптығына таң қалды, сондықтан да барлық қатысушылар тең жағдайда ойнады.

Ұйымдастырушылар қатысушыларды дәрісханаларға бөлді және ойын басталды...

Құштарлық жанданды, ойын даулы болды, әр команда дауыстары қарлыққанша өз палатасының позициясын қорғады. Ешкім де дегендерінен қайтқылары келмеді, бірақ кофе-брейкке де уақыт келді...

Достық ұжымның барлық қатысушылары алғашқы турнирдің бөлігінен алған әсерлерімен бөлісе отырып, «Бүкіләлемдік достық және бірлік дастарханына» барды.

Үзілістен кейін, пікірталас екі еселенген энергиямен жалғасын тапты. Қызу пікірталас пен құрылымдық диалогтардан уақыттың қалай зымырап өткендігі білінбеді. Міне, финалға да кезек келді. Академияның конференция залы жалынды сөздерге толды. Ойынның барлығы өзара құрмет пен әдептілік қалыпта өткендігін айта кеткен жөн. Сөзден кейін, әділ-қазылар шешім қабылдауға оңашаланды.

Ал осы уақытта турнирдің қатысушылары үшін ілтипатты ұйымдастырушылар академия бойынша  саяхат ұйымдастырды. Қонақтар кең кітапханада, үлкен асхананада, академияның ұшы-қиыры жоқ лабиринты бойынша жүріп өтті. Күнделікті сап өткізілетін, «Жерасты»  деп аталатын өте үлкен көлемді, жерасты галереясы назар аударуға  лайық. Экскурсия соңына жетті.

Барлық қатысушылар акт залына қайтадан жиналды. Турнирдің қорытындысы үлкен қошаметпен хабарланды.

ҚММУ өкілдері турнирде жеңіске қол жеткізді. Біздің студенттер: қазақ және орыс лигалардан Фисенко Игорь  (2-074 ЖМ), Даноян Гарик (1-075 ЖМ), Маликайдар Айжан (2-032 ЖМ) және Жүніс Айнұр (4-003 ҚДС) бірінші орындарды жеңіп алды. Сонымен қатар, әділ-қазылардың бірауыздан шыққан шешімдерімен ҚММУ студенті Маликайдар Айжан «Турнирдің үздік спикері» атанды.

Марапаттау жалпы фотоға түсу және турнирден алған әсерлермен достық бөлісумен аяқталды. Барлық қатысушылар көптеген әсерлер алды және жаңа достар тапты.

Игорь Фисенко

«Инсайт» пікірталас клубының жетекшісі


0
17898

пікірлер

пікір қалдыру үшін.