Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Салтыңды білгенің – халқыңды білгенің

Салтыңды білгенің – халқыңды білгенің

17 Наурыз 2015

12.03.2015 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің акт залында қазақ тілі кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына және Наурыз мейрамына арнап қаламыздағы жоғары оқу орындарында оқитын өзге ұлт өкілдері студентттерінің арасында «Салт-дәстүр – асыл қазына» атты сайыс өткізілді. 

Сайыста ҚММУ-дың «Жедел жәрдем», ҚарМУ-дың «Достық», Орталық Қазақстан Академиясы «Лингва» аударма факультетінің «Достық», ҚММУ Медицина колледжінің «Бірлік» топтары білім жағынан күш сынасты.

4 турдан құралған сайыста әрбір топ өздерін таныстырып, қазақ халқының салт-дәстүрлерін көрсетті. Әр топтың капитандары берілген тапсырмаларға жауап берді.

Сайыста Университеттің көркемөнерпаздары өнерлерін көрсетті. «Қаракөз» халықтық шығыс би ансамблі, домбыра оркестрі, шетел студенттері би мен әннен шашу шашты.

Әділ қазылар алқасы сайыста өнер көрсеткен топтардың жалпы ұпай санын есептей келе, бірінші орынды ҚММУ-дың «Жедел жәрдем», екінші орынды ҚарМУ-дың «Достық», үшінші орынды ҚММУ Медицина колледжінің «Бірлік» топтарына берді. Сайысқа қатысқан барлық топ мүшелеріне Алғыс хат табыс етілді.


0
18543

пікірлер

пікір қалдыру үшін.