Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Ақпарат хабар
Профессор Гржибовскийдің (Норвегия) биомедициналық статистика негіздері бойынша мастер-класы (19-23 мамыр 2014 ж.)

Профессор Гржибовскийдің (Норвегия) биомедициналық статистика негіздері бойынша мастер-класы (19-23 мамыр 2014 ж.)

02 Сәуір 2014

Қазіргі уақытта мәліметтердің статистикалық өңдеу әдістері шетелдік  журналдарда жарияланатын 95% астам ғылыми мақалаларда қолданылады. Қазақстандық басылымдарда көпөлшемді әдістер үлесі аз болғанымен, бірөлшемді әдістер үнемі дұрыс қолданыла бермейді. Аталған мастер-класс тыңдаушыларды биомедициналық мәліметтердің статистикалық өңделуінің негізгі принциптерімен таныстырады, мәліметтерді өңдеудің негізгі мәселелерін талқылауды, заманауи бағдарламамен қамтамасыз етілген статистикалық белгілерді практикалық қолдану дағдыларын қалыптастырады және отандық, шетелдік ғылыми басылымдардағы статистикалық ақпаратты дұрыс ұғыну ережелерімен таныстырады.

 Денсаулық сақтау жүйесіндегі қызметкерлерде жеткілікті математикалық дайындықтың болмауын есепке ала отырып, курстың негізгі міндеті болып зерттеулер міндетіне байланысты тәжірибеде қандай әдіс қолданылатындығын және формулаларды нақты зерттемей берілген мәліметтер типін білу табылады.

Мәліметтерді өңдеу әдістерін қолдану нәтижелерін түсіндіру мен олардың ғылыми мақалаларда келтірілу жолдарына ерекше көңіл бөлінеді. 

Мастер-кластың негізгі ерекшелігі - статистика бойынша базалық білім болмаса да материалды жақсы қабылдауға септігін тигізетін мазмұнның жеңілдігі. Келтірілген көптеген мысалдар мен оларды кейін өздігінен қолдану өз мәліметтерін өңдеу үшін қажетті база болып табылады.

Профессор Гржибовскийдің Норвегияда, Швецияда, Финляндияда, Эстонияда және Ресейде он жылдық оқытушылық тәжірибесі бар. Оқытушылық қызметінің негізгі саласы - биомедициналық зерттеулердің дизайны мен жоспарлануы, биомедициналық мәліметтерді статистикалық өңдеу, импакт-фактормен халықаралық басылымдар үшін ғылыми мақалалар жазудың негізгі принциптері. 2011 жылдан бері профессор Гржибовский жыл сайын Қазақстан Республикасында мастер-класс өткізеді (Астана, Алматы, Семей қ.). Қарағандыда мастер-класс алғаш рет өткізіледі.

Оқытушы жайында ақпарат:

Гржибовский Андрей Мечиславович – Норвегия қоғамдық денсаулық сақтау Ұлттық институтының (Осло қ.) аға кеңесшісі, Тромсё қ. (Норвегия) университетінің профессоры, Португалия, Чехия, Словения, Венгрия және Эстониядағы “NorwayGrants” бағдарламасының жетекшісі, Еуропалық Эпидемиологиялық Федерация басқармасының мүшесі, Архангельск қоғамдық денсаулық халықаралық мектебінің директоры, Солтүстік Арктика Федералды университетінің жетекші ғылыми қызметкері, Ресей Федерациясында денсаулыққа климат өзгерісінің әсері бойынша ДҚДС консультанты (2010-2011) және Қазақстан Республикасында (2011-2012). «World Journal of Obstеtrics and Gynecology», ”World Journal of Dermatology”, «StudiesonEthno-Medicine», «JournalofHealthDevelopment», ”Вестник С(А)ФУ: Медико-биологические проблемы», «Травматология и ортопедия России», «Гигиена труда и медицинская экология» журналдарының редакциялық кеңес құрамының мүшесі. «Экология Человека» (Scopus индексирленеді) журналы бас редакторының орынбасары, халықаралық басылымдарда жарық көрген 300 астам ғылыми жұмыстар авторы.

Мастер-класқа қатысуды қалайтындарға ҚММУ ғылыми жұмыстар бөлімінде тіркелу қажет. Гоголь к., 40, 139 каб.


0
21004

пікірлер

пікір қалдыру үшін.