Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Ақпарат хабар
РОСМЕДОБР-2020 медициналық білім берудің жаңа міндеттері

РОСМЕДОБР-2020 медициналық білім берудің жаңа міндеттері

06 Қараша 2020
XI Халықаралық форум «ROSMEDOBR - 2020. Медицинадағы оқытудың инновациялық технологиялары» алғаш рет 29 және 30 қазанда онлайн режимінде өтті. Қатысушыларды медициналық білім беру саласындағы ресейлік және шетелдік сарапшылардың қызықты онлайн-есептер, виртуалды көрме, сауалнамалар мен дауыс берулер

XI Халықаралық форум «ROSMEDOBR - 2020. Медицинадағы оқытудың инновациялық технологиялары» алғаш рет 29 және 30 қазанда онлайн режимінде өтті. Қатысушыларды медициналық білім беру саласындағы ресейлік және шетелдік сарапшылардың қызықты онлайн-есептер, виртуалды көрме, сауалнамалар мен дауыс берулер, кәсіби байланыс және қызығушылық танытатын сұхбаттар күтті. Іс-шараға 5000-нан астам қатысушылар мен 50-ден астам спикерлер жиналды. Тікелей эфирге қатысуға Ресей Федерациясы министрінің орынбасары Т.В. Семенова, аккредиттеу жөніндегі әдістемелік орталықтың бастығы Ж.М. Сизова, Н.И. Пирогова атындағы Ресей ұлттық ғылыми медициналық университетінің проректоры О.Ф. Природова шақырылды. Тікелей эфирде шетелдік спикерлер Халықаралық медициналық білім беру қауымдастығының (AMEE) президенті Тревор Гиббс, Майкл Гордон атындағы медициналық білім беру саласындағы ғылыми зерттеу орталығының директоры  Росс Скализ, Майкл Гордон медициналық білім саласындағы зерттеулер  орталығының жетекшісі профессор Барри Иссенберг, АҚШ CME аккредиттеу кеңесінің президенті Грэм Макмахон сөз алды.

РОСМЕДОБР форумына біздің университеттен оқу жұмысы жөніндегі проректор В.П. Риклефс және симуляциялық білім беру және технологиялар орталығының директоры Г.С. Кемелова баяндамаларымен қатысты. КеАҚ «Қарағанды ​​медициналық университетінен» 50-ден астам қызметкерлері мен оқытушылары осы Форумға белсенді қатысып, көптеген ақпаратды алып, біліктіліктерін арттырды.

Форум аясында викториналар, байқаулар мен сауалнамалар өткізілді. Форумда сыйлықтармен марапатталған ең белсенді қатысушылардың  ішінде Қарағанды медицина университетінің 4 қызметкері және Мәскеудің анестезиологтар мен реаниматологтарды аккредиттеу федералды орталығының 3 қызметкері көшбастады. Белсенді қатысу нәтижелері бойынша СББТО қызметкерлері: Кирилл Заровный (30 000 рубль), Дархан Исатаев (10 000 рубль) және Гүлшат Кемелова (10 000 рубль) оқу әдебиеттерін сатып алуға арналған сыйлық сертификаттарына ие болса, ал Гульаим Исатаева симуляциялық оқыту викторинасында үздік нәтиже көрсетіп, планшет жеңіп алды (iPAD 8-буын).  

Бейсембекова А.М., СББТО маманы


0
2366

пікірлер

пікір қалдыру үшін.