Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Ақпарат хабар
Хабарландыру

Хабарландыру

06 Ақпан 2020

Қарағанды медицина университетінің Әскери кафедрасы запастағы офицерлерді дайындау бағдарламасы бойынша тегін және ақылы негізде оқыту үшін конкурстық негізде студенттерді іріктейді.

Конкурсқа қатысуға конкурс өтетін жылы 24 жастан үлкен емес жастағы бірінші курстың (4 жылдық оқумен) және екінші курстың (5 жылдық оқумен) студенттері жіберіледі.

Конкурсқа қатысу үшін әскери кафедраның оқу бөліміне (Алалыкин көшесі,7), 2020 жылдың 10 ақпанынан бастап өтініш білдірсін.

Конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттардың тізімі:

1. Өтініш,

2. Жеке куәлік (түпнұсқасы мен көшірмесі),

3. Тіркеу куәлігі немесе әскери билет (түпнұсқасы мен көшірмесі),

4. Көлемі 3х4 см 2 фотосурет,

5. Соттылығының болуы не болмауытуралы анықтама,

6. Спорттық жетістіктерді (бар болған кезде) растайтын құжат,

7. Студенттің ЖОО-да нақты оқитыны туралы факультет деканы қол қойған анықтама.

Әскери кафедра


0
3152

пікірлер

пікір қалдыру үшін.