Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Білім беру
Талапкер
Эпидемиология және жұқпалы аурулар кафедрасы

Эпидемиология және жұқпалы аурулар кафедрасы

42f9640d0b204939bde1bd1e9b15bbec

  Жұқпалы аурулар кафедрасы 1953 жылы Облыстық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы базасында құрылған.

   Кафедрада 5В130100-Жалпы медицина, 5В110200-ZiV 1208-Денсаулық және ауру,5В130200-Стоматология,5В110100-Мейірбике ісі мамандықтары студенттерін  «Жұқпалы аурулар»пәні бойынша дайындау жүргізіледі. «Аса қауіпті инфекциялар» таңдау пәні 5В110200-Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығы үшін қарастырылған.  2012-2013 оқу жылынан бастап кафедрада 5В130100-Жалпы медицина мамандығы «Ішкі аурулар» және «Жалпы тәжірибелік дәрігер» бағыттары бойынша интерндерді дайындау жүргізілуде. Дипломнан кейінгі білім беру деңгейінде 6R111300 «Жұқпалы аурулар, оның ішінде балалар» мамандығы бойынша резидентураның білім беру бағдарламасының көлемінде қазіргі уақытта бірінші оқу жылғы 8 резидент, екінші оқу жылғы 7 резидент білім алуда.

Кафедрадапрофессорлар мен доценттер жұмыс істейді:

Ким Антонина Аркадьвна, медицина ғылымдарының кандидаты, профессор. Педагогикалық жұмыс стажы - 28 жыл, клиникалық жұмыс өтілі - 34 жыл. Клиникалық ординатураны аяқтағаннан кейін балалар жұқпалы аурулар кафедрасында жұмыс істеді, 2001 жылдан бастап жұқпалы аурулар кафедрасында жұмыс істейді. 2012 жылдан 2018 жылға дейін ҚММУ жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасын басқарды. Ғылыми қызығушылығы: гепатология, әлеуметтік маңызды инфекциялар. «Балалардағы В және Д созылмалы вирусты гепатиттер» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертация, ғылыми жетекшісі проф. А.П. Куперштейн.

70-тен астам басылым, 2 оқу құралы бар, «Гастроэнтерология», «Пульмонология», «Гематология» модульдерінің «Ішкі аурулар» оқулықтарының авторы, зияткерлік жекеменшік бойынша 7 сертификат. Жұқпалы ауруларды диагностикалау және емдеу үшін 13 клиникалық хаттаманы әзірледі.

Жұқпалы аурулар бойынша жоғары білікті санаттағы маман. Медициналық қызметтердің сапасын бағалау бойынша тәуелсіз сарапшы.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің алғыс хаттарымен марапатталды.

.  Рахимбаева Райса Ахметбековна, медицина ғылымының кандидаты, доцент. ОЛОЖДИ - да мақсатты аспирантураны бітіргеннен кейін Мәскеу қаласында 1981 ж. кандидаттық диссертацияны Пирогов атындағы I МММИ - қорғады. 35 ғылыми баспалары бар. «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігіне» төс белгісімен марапатталды, көптеген ынталандыру жәнеалғыс хаттары бар.

  Тимченко Наталья Александровна, медицина ғылымының кандидаты, ассоциирленген профессор. Өзінің тәжірибесінде медицина ғылымының жаңа жетістіктерді пайдалана отырып диагностика, жұқпалы аурулар емдеу және алдын алудың, гельминтоздардың, АИТВ және ЖИТСтің, иммунды жетіспеушіліктің сұрақтармен айналысады. 40 астам басылымдардың, 2 оқу - әдістемелік басылымдардың, 1 рационализаторлық ұсыныстың авторы, 2 тәжірибеге енгізуі, зияткерлікменшікке 1 авторлықкуәлігі бар.

  Сарсекеева Назгуль Есентаевна,  PhD докторы, кафедраның ассоциирленген профессоры. 2013 жылдың тамыз айында медицина саласындағы магистр дәрежесін алу үшін магистрлік диссертациясын қорғады. 2016 жылы ҚММУ докторлық диссертациясын қорғады. Ғылыми қызығушылығы: АИТВ-жұқпасы, оппортунистік инфекциялар. 40-тан астам жарияланымдардың авторы, зияткерлік меншік бойынша 1 авторлық куәлікке ие. Орыс, қазақ, ағылшын тілдерінде сабақ жүргізеді. Студенттерді ағылшын тілінде оқытуға жауапты. Орыс, мемлекеттік және ағылшын тілдерінде сабақ жүргізеді.

  Жунусов Ержан Сейполович, PhD докторы, кафедраның ассоциирленген профессоры. «Жұқпалы аурулар»  мамандығы бойынша  жоғары санаттағы дәрігер. Педагогикалық жұмыс өтілі - 13 жыл, клиникалық жұмыс өтілі - 13 жыл. Ғылыми қызығушылығы: Жұқпалы аурулардың ұтымды фармакотерапиясы, ҰІИ, вирустық гепатит. «Созылмалы вирустық гепатиттің кешенді терапиясындағы гепатопротекторлар» тақырыбы бойынша магистрлік диссертация қорғады, 2013 жыл, ҚММУ. Ғылыми жетекшісі: профессор Кошерова Б.Н. PhD докторлық диссертациясын қорғады: «Коронарлық артерияның рестенозының жоғары қаупі бар науқастарда антиагреганттық дәрілік бақылау», 2017 ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ. Ғылыми жетекшілері: профессор Р.Абдуллабекова, профессор Ж.Ж. Тайжанова, профессор Ульрих Кристоф Битц. 40-тан астам жарияланымдардың авторы, соның ішінде Clarivate Analytics дерекқорлар журналдарында (Thomson Reuters) 2 мақала, Scopus деректер базасында 3 жарияланым, 2 оқу – әдістемелік  құралы, 2 практикалық нұсқаулық, зияткерлік меншік бойынша 2 авторлық куәлігі бар. Орыс, мемлекеттік және ағылшын тілдерінде сабақ жүргізеді.

  Кафедраның ассистенттері:

 Бейсенова Гулжахан Рахимбаевна, кафедра профессорының ассистенті. Қарағанды медицина институтын бітірген соң, клиникалық ординатурада «Жұқпалы аурулар» мамандығы бойынша дайындықтан өткен. 1995 жылдан бастап кафедра ассисенті болып жұмыс атқарады. Вакцинамен басқарылатын жұқпалы аурулар мәселе бойынша ғылымигрантынорындаушысы болып табылады. Мемлекеттік тілде іс жүргізеді. Жоғары біліктілік санатты дәрігер. Алғыс хаттар мен марапаттауларға ие.

 Колмогорова Екатерина Леонидовна, кафедра профессорының ассистенті. Оқу процесі кезінде бакалавриат және интернатура, белсенді түрде енгізуде инновациялық оқыту әдістерін ұйымдастырады және бақылайды. Көлемді әдістемелік жұмысты жүзеге асырады. Интерндерге арналған «Жұқпалы аурулар» пәні бойынша Ішкі аурулар, Жалпы дәрігерлік практика базасына, оқу-әдістемелік кешенін, тест тапсырмаларын, ситуациялық тапсырмаларды құрады. Кафедра отырысының хатшысы болып табылады. Жоғары біліктілік санатты дәрігер. Алғыс хаттар мен марапаттауларға ие. 

  Хайырова Улмекен Орымбаевна, кафедра профессорының ассистенті. Қарағанды медицина институтын бітірген соң , емханалық ординатурада «Жұқпалы аурулар» мамандығы бойынша дайындықтан өткен. 1995 жылдан бастап кафедра ассистенті болып жұмыс атқарады. 2014 ж біріншілік мамандандыруды ультрадыбысты - диагностика бойынша өтті. Стоматология бағытында Жұқпалы аурулар бойынша студенттерге арналған оқу-әдістемелік кешенін дайындады. Қазіргі уақытта ҚМУ медициналық клиникасында емдік-диагностикалық жұмыстар жүргізеді. Университеттің және денсаулық сақтау басқармасының алғыс хаттары және ынталандыруы бар.

  Мансурова Тамара Петровна, кафедра ассистенті. Инфектология саласында мол тәжірибесі және білімі бар, ондаған жылдар бойы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының реанимация бөлімшесінің меңгерушісі болды. Жалпы медицина мамандығының 4 курс студенттерінің тәлімгері.

   Ауесбаева Шынар Каиржановна, педагогикалық өтілі - 1 жыл, клиникалық жұмыс өтілі - 3 жыл. Ғылыми қызығушылығы - гельминтология. Орыс, ағылшын, мемлекеттік тілдерінде сабақ жүргізеді.

   Дауленова Айдана Есенгелдиевна, педагогикалық өтілі - 2 жыл, клиникалық жұмыс өтілі  - 3 жыл. Ғылыми қызығушылығы - гельминтология. Орыс, ағылшын, мемлекеттік тілдерінде сабақ жүргізеді.

 Бейімбетова Маржан Рымхановна, кафедра  профессорының ассистенті,  дерматовенерология пәніне жауапты. 2015 жылы медицина магистрі дәрежесін алу үшін кандидаттық диссертациясын қорғады. Медицина магистрі дипломының иегері. 20-дан астам басылымның авторы, 1 оқулық, зияткерлік меншік бойынша 1 авторлық куәлігі бар. Облыстық дерматовенерологиялық диспансер базасында оқу үрдісін ұйымдастырады және бақылайды.  Орыс тілінде, мемлекеттік тілде сабақ береді, екі тілде пән бойынша оқу – әдістемелік құрал жасайды. ҚМУ МК негізінде Қарағанды ​​облысындағы дерматовенерологтар қоғамының төрағасы. Жоғары білікті санатты дәрігер.

  Резиденттердің клиникалық тәлімгері:

  Асанова Айгуль Мажитовна,  ҚМУ Клиникасының әкімшілік бөлімшесінің амбулаторлық-емханалық көмек жөніндегі орынбасары.

Кафедрадағы зертханашылар:

 Кафедрада жоғары деңгейлі біліктілігі бар лаборант Катпагулова Нұргүл Адамбековна 2012 жылдан бері жұмыс жасайды, іс қағаздарын жүргізуге жауапты.

 Кафедрада 2013 жылдан бастап жоғары біліктілігі бар лаборант Тлеубаева Сауле Қайратқызы кафедрада жұмыс істейді, азаматтық қорғаныс жолы бойынша жұмысқа, ҚМУ қызметкерлері және ПОҚ спартакиадасына жыл сайын белсене қатысады.

  Кафедрада жоғары біліктілігі бар лаборант Мукашева Мадина Хамзеевна 2013 жылдан бері жұмыс істеп келеді, іс қағаздарын жүргізуге жауапты.

  Кафедра қызметкерлері педагогикалық және біліктілік деңгейін арттыру, жетілдіру оқу үдерісінің жұмысына қатысады, халықаралық конференциялар жұмысына қатысып, мастер-кластар өткізеді.

 Кафедрадағы  емдеу процесі  Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы мен ҚМУ клиникасы базасында жүргізіледі. Кафедра қызметкерлері науқастарды емдеуде жетекшілік етеді, Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, қала емдеу мекемелеріне көмек үшін медициналық апат сызығы бойынша шығу, кеңес беру жұмыстарын жүзеге асырады.

  Кафедраның негізгі ғылыми бағыты «Жұқпалы аурулардың (қызылша, В вирусты гепатиті) вакцинамен» басқарылатын қаупін болжау болып табылады. Кафедра құрылған сәттен бастап 2 докторлық және 2 кандидаттық, 3 магистерлік және 2 PhD докторлық  диссертациялар қорғалды.