Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Білім беру
Талапкер
ПРАКТИКАЛЫҚ ДАҒДЫЛАР ОРТАЛЫҒЫ

ПРАКТИКАЛЫҚ ДАҒДЫЛАР ОРТАЛЫҒЫ

f79e3ef101d957aabf1b9c79645c85a2  Оқу-клиникалық (жаттықтыру) орталығы 2007 жылдың қыркүйек айында құрылды. 2014 жылы практикалық дағдылар орталығы (ПДО) атауына өзгертілді. Практикалық дағдылар орталығы Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің студенттер, интерндер мен резиденттер жаттығатын манекендер және практикалық дағдыларды виртуалды тренажерларда тапсыру мен өтеу бойынша жұмысты іске асыратын құрылымдық бөлімі болып табылады.  Практикалық дағдылар орталығы өз қызметін оқу-тәрбие және әдістемелік жөніндегі проректоры,  доцент м.а., Виктор Петрович Рифлекстің тікелей басшылық етуімен жүзеге асырады. ҚММУ практикалық дағдылар орталығын ашылған күннен бастап медицина ғылымдарының кандидаты, доцент м.а.. Виктор Петрович Риклефс басқарып келсе, ал 2016 жылдан бастап орталықты Гульшат Сейтмуратовна Кемелова басшылық етуде. 

ПДО миссиясы: клиникалық дағдыларды оқытуға арналған білім берудің қауіпсіз,  сенімді ортасын қамтамасыз ету.

Стратегиялық мақсаты: білім алушыларға  өмір бойы өздерін дамытуға, клиникалық біліктілікті қолдап, жақсартуға және оқып үйрену қабілеттерін қалыптастыруға мүмкіндіктерді ұсыну. 

Практикалық дағдылар орталығының негізгі міндеттері:

a5c67d0647abd657241721f911db230f

  • ПДО жағдайында клиникалық оқытуға арналған сәйкес білім беру ортасымен қамтамасыз ету.

·  Клиникалық дағдыны, манекендерді, муляждарды, автоматтандырылған виртуалды үлгілерді, интерактивті білім беретін компьютерлік бағдарламаларды, жазба, бейне материалдарын, сонымен қатар дағдыларды оқыту мен бағалауда стандартталған пациенттерді тарта отырып  біріктірілген оқытуды және клиникалық дағдыны оқытуда әртүрлі әдістерді қолдануды ұйымдастыру және енгізу. 

·  ЖОО білім беру қызметінің даму стратегиясын іске асыруда, заманауи талаптарға сәйкес оқу процесін жетілдіруге ат салысу. 

·  Студенттердің бойында өздігінен және өзіндік бағытта оқу дағдысын және өмір бойы өзін дамыта оқыту принципін іске асыруды  қалыптастыру. 

·  Объективті құрылымдық клиникалық емтиханды (ОҚКЕ) және топтық объективті құрылымдық клиникалық емтиханды (ТОҚКЕ) ұйымдастыру және өткізу, сонымен қатар ОҚКЕ мен ТОҚКЕ өткізуге қажетті әдістемелік құжаттарды бақылау және ұйымдастыру.  

·  Клиникалық дағдылар бойынша тест тапсырмалары  және оқыту бағдарламалары бойынша мәліметтер банкін әзірлеу және құру, сонымен қатар студенттердің клиникалық дағдылар  саласындағы дайындық сапасының мониторингі және ОҚКЕ мен ТОҚКЕ нәтижелері бойынша мәліметтер банкін әзірлеу және құру.

·  Клиникалық дағдыларды оқыту саласы бойынша  профессорлық-оқытушы құрамның біліктілігін арттыруда, мамандардың клиникалық дайындық сапасын арттыруда жәрдемдесу. 

Мекен-жайы:

 Қарағанды қаласы

 Алалыкин көшесі 7 үй

Байланыс телефоны:

 56-41-81 (ішкі1315)

*e-mail: Kemelova@qmu.kz

Практикалық дағдылар орталығы 

Практикалық дағдылар орталығының құрамы: 

·  әдістемелік сектор;

·  тіркеу бөлімі;

·  практикалық дағдылар жаттықтырушылары.

2abd5cdf2f55f13a569b06d45e16280e

Құрылымдық бөлім басшысы- ПДО директоры 

Кемелова Гульшат Сейтмуратовна.

Kemelova@qmu.kz

07c17c7a39c350a61882806b84aff1f9

Бас маман

Аимбетова Динара Булатовна

Аimbetova@qmu.kz

ӘДІСТЕМЕЛІК СЕКТОР

1b4700b51d69ecd0f3619db812b290f2

Сектор  қызметкерлері:

Аға әдіскер

Камарова Айнур Облысбаевна

A.Kamarova@qmu.kz

Әдіскер

Исатаева Жанар Советовна

Isataeva@qmu.kz

Әдіскер

Бакирова Акмарал Берікболсынқызы

A_Bakirova@qmu.kz

ТІРКЕУ СЕКТОРЫ

e11aa26edc2422245f0de4f00fa298b4

Сектор қызметкерлері:

Тіркеуші-инспектор 

Юн Юля Владимеровна

Yun@qmu.kz

Тіркеуші-инспектор 

Исатаева Аим Маратовна

Isataevag@qmu.kz

Зертханашы

Какишева А.К.

-

Зертханашы

Бостанова Ж.Б.

BostanovaZ@qmu.kz

Зертханашы

Елюбаева Г.Д.

-

Зертханашы

Бекбердинова Н.К.

Bekberdinova@qmu.kz

Зертханашы

Рахимберлина З.И.

-

ПДО  ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАРЫ 

e253d68b971545636a06f36939d65b14

Қызметкерлері:

Оқу жабдықтарына қызмет көрсету бойынша инженер

Приз Николай Владимирович

N.Priz@qmu.kz

Оқу жабдықтарына қызмет көрсету бойынша инженер

Исатаев Дархан Маратович

Isataev@qmu.kz

ПДО жаттықтырушысы 

Аубакирова Д.Н.

D-Aubakirova@qmu.kz

ПДО жаттықтырушысы 

Идрисова Г.К.

IdrisovaG@qmu.kz

ПДО жаттықтырушысы 

Нурекешова Р.Ж.

Nurekeshova@qmu.kz

ПДО жаттықтырушысы 

Ешетова А.А.

Eshetova@qmu.kz

ПДО жаттықтырушысы 

Шмаков А.С.

Shmakov@qmu.kz

ПДО жаттықтырушысы 

Евлоева Р.М.

Evloeva@qmu.kz

ПДО жаттықтырушысы 

Касимова М.Б.

KasimovaM@qmu.kz

ПДО жаттықтырушысы 

Шамшиева М.К.

Shamshieva@qmu.kz

ПДО жаттықтырушысы 

Фоминых Е.А.

Fominyh@qmu.kz

ПДО жаттықтырушысы 

Койшигарина Р.С.

-

ПДО жаттықтырушысы 

Мухаметжанова Р.А.

Muhametzhanova@qmu.kz

ПДО жаттықтырушысы 

Есназарова Л.У.

-

ПДО жаттықтырушысы 

Абаимова А.Ю.

-

ПДО жаттықтырушысы 

Тимохович М.В.

-


ПДО жабдықталуы

b887ab1292fe3c2e8d524979c0a69714

 ПДО құрамына жалпы ауданы 1300,6 м2 болатын 43 бөлме кіреді.  Хирургия, ішкі аурулар, акушерлік және гинекология, анестезиология және реаниматология, педиатрия бойынша симуляциялық палаталар, лапароскопиялық хирургия бойынша симуляциялық кабинет, кардиология бойынша симуляциялық кабинет, симуляциялық емшара кабинеті, стоматология бойынша симуляциялық кабинет, бақылау кабинеті, оқытудың интерактивті әдісі класы және әкімшілік-шаруашылық бөлмелері. 

 ПДО барлық бөлмелері сәйкес келетін 400 данадан артық тренажерлармен, манекендермен жабдықталған, олардың ішінде 57 –сі медициналық жабдықтар мен құралдардан, жазбе-бейне аппаратуралардан, компьютерлік техникалардан тұратын интерактивті компьютерлік манекендер. Сонымен қатар барлық оқу бөлмелері интернет жүйесіне шығатын компьютерлермен жабдықталған.

 ПДО материалды-техникалық жабдықтауын жетілдіру ҚММУ қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады. Осыған байланысты студенттердің тәжірибелік сабақтары мен өздік жұмыстарын өткізуге қажетті материалды ресурстармен жабдықтау толық көлемде жүргізілуде.

ПДО жоғары технологиялық манекендер мен тренажерлардың тізімі

№ р/р

Жабдықтардың атауы

саны

1. 

Lapsim -эндовидеохирургиялық араласуға арналған тренажер

1

2. 

Noellе –босанушының компьютерлі интерактивті манекені

1

3. 

5 жасар баланың бағдарламалық қамтылған виртуалды манекені

1

4. 

Босанушының және нәрестенің көпсалалы манекені 

1

5. 

Акушерлік көмек көрсетуге арналған көпсалалы интерактивті имитатор 

1

6. 

1 жасар баланың жағдайын бақылау және емдеуді жүргізуге арналған компьютерлік бағдарламалары бар нәрестенің интерактивті манекені 

2

7. 

Негізгі  өмір көрсеткіштерінің жүйелі мониторингі бар баланың к көпсалалыманекен-имитаторы

2

8. 

Sim Baby нәрестенің толық өлшемді манекені 

1

9. 

SimMan-ересек пациентің толық оңтайлы манекені 

2

10. 

ANATOMAGE TABLE  анатомиялық виртуалды үстел 

1

11. 

DR Camscope DSC 102 бейнескопиялық   аппарат

1

12. 

Kide баланыңробот-симуляторы

1

13. 

Harveyкардиология және пульмонология бойынша клиникалық оқытуға арналған оқыту тренажері 

2

14. 

Өкпе мен жүректі аускультациялауға арналған тренажер К+

1

15. 

Lapmentorэндоскопиялық хирургияда дағдыларды дамытуға және лапароскопиялық оталарды орындау техникаларын өтеуге арналған виртуалды симулятор

2

16. 

Kelli ересек пациенттің жетілдірілген манекені 

2

17. 

Ненасим-нәрестенің симуляторы, EPONA

1

18. 

LM-084 KOKEN- жүректің  аускультациясын, перкуссиясын, пальпациясын, фискалды қарауды үйренуге арналған тренажер

2

19. 

LIVESCA SONOSIM датчигі бар УДЗ виртуалды симуляторы

2

20. 

Симпл- жиынтығында құрастырмалы артикуляторы бар манекен

3

21. 

3 өлшемді толықфункционалды лапароскопиялық тренажер 

1

22. 

 Жүрек-өкпе реанимациясын меңгеруге арналған индикаторы бар баланың үлгісі 

2

23. 

Жүрек-өкпе реанимациясын  дағдыларын оқуға арналған нәтижесін тіркеу мүмкіндігі бар тренажер 

4

24. 

Медициналық білім беретін робот-симулятор (Apalon)

1

25. 

Артроскопиялық манипуляцияныорындау дағдысын өтеуге және дамытуға арналған кешенді оқу жүйесі 

1

26. 

OPUS MINI практикалық ептілікті өтеуге арналған әмбебап платформа

2

27. 

SonoSim- ЭХО КС жүргізуге арналған тренажер

1

28. 

LM095 қынапты зерттеуге арналған виртуалды симулятор Өндіруші:KOKEN CO

1

29. 

Виртуалды шындыққа келетін стоматологиялық симулятор

1

30. 

Әртүрлі жағдай кезінде топта кідіріссіз көмек көрсетуге арналған нәрестенің мобильді манекені 

1

 

ПДО практикалық дағдыларға оқытудың кестесі.

Сілтемені көрсету 

Оқытушыларға арналған ақпараттар 

ҚММУ прктикалық дағдылар орталығы туралы

ережесіне  1 қосымша

ПРАКТИКАЛЫҚ ДАҒДЫЛАР ОРТАЛЫҒЫНДА

САБАҚ ӨТКІЗУ БОЙЫНША КАФЕДРА  ОҚЫТУШЫЛАРЫНА  ЖӘНЕ ПДО ЖАТТЫКТЫРУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН

ЖАДЫНАМА

1. Жалпы ережелер

1.1.  ПДО-да тәжірибелік сабақтарды өткізу кестесі кафедралардан тағайындалған ПДО бойынша жауапты тұлғалардан, сабақ басталғанға дейін 1 ай бұрын ҚММУ порталындағы (http://portal.qmu.edu.kz/) – «Білім беру/Практикалық дағдылар орталығы» бөліміндегі күнтізбені толтыру арқылы беріледі. Порталды қолдану мүмкін емес болған жағдайда, электронды нұсқа сабақ кестесін жасауға жауапты тіркеуші – инспектордың электрондық мекен-жайына жіберілуі міндетті. ПДО сабақ кестесі алынғаннан кейін,  бір апта ішінде оның бос оқу кабинеттері мен бос жабдықтарға қарай мүмкіндігі тексереді, кафедрадан ПДО бойынша жауапты тұлғаға сабақ кестесін өзгерту қажеттілігі туралы ескертеді.

1.2.  Зертханашылар оқу жабдықтарын үлгілік талаптар бойынша және де сабақ кестесіне сүйеніп береді. Үлгілік талаптарға өзгерістер енгізу қажет болған жағдайда, кафедра оқытушысы/ПДО жаттыктырушы сабақ кестесін жасауға жауапты ПДО тіркеуші – инспекторын электронды пошта арқылы, жоспарланған сабақтан 1 күн бұрын  хабарландырады.

1.3.  Талаптарды қанағаттандыру мүмкін емес кезінде (жабдықтың бұзылуы немесе оның қол жетпестігі) тіркеуші-инспектор жаңа талапты ұсыну немесе сабақ жоспарын түзету қажеттілігі туралы кафедра оқытушысын/ПДО жаттықтырушысын сабаққа дейін кем дегенде 3 күн қалғанда хабардар етеді.

1.4.  Практикалық сабаққа арналған манекендер саны қажеттілікке сай болуы қажет, есеппен 3-4 студентке 1 тренажер.

1.5.  Практикалық сабақты ОСӨЖ түрінде өткізу жоспарланған жағдайда қажет:

-  топтарды бөлмелер бойынша бөліп, бейнебақылау қолдану (бір топта практикалық дағдыны көрсету, екінші топта көрсетілімді бақылау);

-  көрсетілімнің бейнежазбасын жасау және оны сабақта қолдану;

-  электронды оқулықтар пайдалану немесе алдын ала дайындалған әдістемелік материалды қолдану;

-  екі топты бір оқыту бөлмесінде біріктіріп оқытуға тиім салынған.

1.6.  Максималды уақыт саны студенттердің әдістемелік дағдыларды орындауына бөлінеді. Дағдыны меңгеру немесе клиникалық сценнарийді орындау аяқталғанда, студенттердің дағдыларды орындау үдерісінің бейнежазбасын көрсету арқылы дебрифинг өткізіледі, анықталған кемшіліктер талқыланады, қорытынды бағалар қойылады және ПДО-дағы әрі қарай өздік жұмыстарына арналған тақырыптар анықталады.  Егер сабақ ОСӨЖ түрінде өткізілгенде және бір оқытушыға 2 топ болған жағдайда дебрифинг өткізу кезінде студенттердің екі тобын біріктіруге рұқсат беріледі.

1.7.  Кафедра оқытушылары/ПДО жаттыктырушысы сабақта қолданылатын жабдықтарда жұмыс істеу бойынша оқытылған болуы қажет және жабдыққа қатысты нұсқамамен қол қоя отырып таныстырылуы қажет.

2.  Оқытушының ПДО-да сабаққа дайындалуы бойынша

жадынама

2.1  Кафедра оқытушысы/ ПДО жаттықтырушысы ПДО-на сабақтың басталуына дейін 15-20 минут бұрын келуі қажет.

2.2  Кафедра оқытушысы/ ПДО жаттыктырушысы халат (бейдж) пен екінші аяқ киім киюге міндетті.

2.3  Тәжірибелік сабақтар кезінде, талаптарда көрсетілген құрал-жабдықтар мен медициналық инвентарь үшін материалдық жауапкершілік  кафедра оқытушысы/ ПДО жаттыктырушысының мойнына жүктеледі.  Сабақтың басталуы алдында оқытушы манекен немесе жабдықтың дұрыстығын тексеруге міндетті.

2.4  ПДО-дағы практикалық сабақтардың оқу журналын сабақтың алдында тіркеуші-инспектор береді.

2.5  Студенттердің екінші аяқ киімі, халаты және қалпағы болуын тексеру қажет. Болмаған жағдайда студент сабаққа жіберілмейді.

2.6  Сабақ кезінде кафедра оқытушысы/ ПДО жаттықтырушысы топпен бірге оқу кабинетінде болуы тиіс немесе дағдыларды меңгеру үдерісін бейнебақылау жүйесі арқылы бақылауы қажет.

2.7  Тіркеу бөлімінде алдын ала жазылу арқылы, студенттердің өзіндік жұмысы кезінде тәжірибелік дағдыларды меңгеру жұмысы кафедра оқытушыларының жасаған әдістемелік ұсыныстары бойынша өткізіледі.

2.8  Топ үзіліске тек ПДО-дағы үзіліс графигіне сәйкес уақытта жіберіледі. Сабақтарды ПДО-дағы тәжірибелі сабақтардың ұзақтығына сәйкес уақытта аяқтау қажет.

2.9  Сабақ аяқталғаннан кейін, құрал-жабдықтар мен медициналық инвентарьдің дұрыстығын тексеру қажет. Ақаулықтар анықталған кезде, дереу ПДО әкімшілігіне хабарланады.

2.10  Кафедра оқытушысы/ ПДО жаттықтырушысы оқу бөлмесін, оқу құрал-жабдығы мен медициналық инвентарьдың дұрыстығын тексеретін зертханашыға тапсыруы қажет, құрал-жабдықтардың кемшілігі немесе жоғалғаны талаптарда белгіленеді.

2.11  Кафедра оқытушысы/ ПДО жаттықтырушысы тәжірибелік сабақтардың толтырылған оқу журналын ПДО тіркеуші-инспекторына тапсыруы қажет.

3.  Практикалық дағдыны меңгеру бойынша сабақтар өткізу

3.1.  Практикалық сабақ мақсаттары мен міндеттерін түсіндіруден, мамандық бойынша білім беру бағдарламалары комитетімен бекітілген әдістемелік материалды ұсынудан және студенттердің орындайтын дағдыларының жоспарын түсіндіруден тұрады.

3.2.  Кафедра оқытушысы/ ПДО жаттықтырушысы практикалық дағдыны меңгеру мақсатында студенттердің теориялық дайындығының деңгейін бағалау қажет (15 минуттан артық емес).  Материалдық теориялық тұрғыдан мұқият талдау кафедрада немесе алдын ала дайындалған әдістемелік нұсқаулар бойынша студенттердің өздік жұмысы кезінде өткізілуі қажет. Студенттің сабаққа белсенді қатысуына кедергі болатын теориялық білімінің жоқтығы кезінде, кафедра оқытушысы/ ПДО жаттыктырушысы ол студентті сабақта болмаған деп есептеуге және бұл сабақты кейін өтеуге мүмкіндік беруге құқылы.

3.3.  Кафедра оқытушы/ ПДО жаттыктырушы практикалық дағдылардың орындалуын қажетті медициналық жабдықтарды қолдану арқылы манекендерде көрсетеді. Бейнежазбалар немесе электронды оқулықтар қолданыла алады. Сабақ кезінде барлық студенттер оқу үдерісіне белсенді қатысуы тиіс.

3.4.  Сабақ барысында, манипуляцияның техникасы көрсетілгеннен кейін, студент кафедра оқытушының/ ПДО жаттыктырушының бақылауымен манкендер/муляждарда тренинг бастауы қажет. Оқытушы кабинеттен кабинетке жүріп, топтардың жұмысын бақылайды, немесе бейне бақылауды пайдаланады. жаттықтырушылардың саны жеткіліксіз болған жағдайда бірнеше дағдыларды ротациялауға болады (егер олар бір сабақта оқытылатын болса)

3.5.  Клиникалық сценарий жүргізген кезде кафедра оқытушы/ ПДО жаттыктырушы топты екі топқа бөле алады, осы кезде бір топша клиникалық сценарийді орындайды, екіншісі бағалайды және керісінше. екінші топша бкйне бақылау кабинетінде қалуы мүмкін.

3.6.  Клиникалық сценарийді орындаған соң, дебрифинг орындалады. Ол студенттердің дағдыларды орындау бейнежазбасын орындай отырып іске асырылады, онда кемшіліктері мен жетістіктері талқыланады. Бейнежазбамен сабақтар өткізген кезде бұл туралы оқу жабдықтарына қызмет көрсету бойынша инженердің алдын ала ақпараттандыру керек.

3.7.  Материалды бекіту ПДО алдын ала жазылған кезде студенттердің жеке жұмысы барысында жүзеге асырылады.

3.8.  Орындалған дағды үшін баға сабақтың барысында немесе студенттің өздік жұмысының бейнежазбасын бағалаудан кейін қойылуы мүмкін.

Ескерту: сабақты өткізу тәртібі нақты бір сабақтың мақсаты мен міндеттеріне сәйкес өзгертілуі мүмкін.

Кафедра оқытушылары/ ПДО жаттықтырушысы назарына! ПДО-да бейнежазба жүргізіледі. Жоғарыда аталған талаптар орындалмаған жағдайда, ПДО әкімшілігі түсініктеме талап етіп, тиісті шаралар қолдану мақсатында кафедра ҚММУ Практикалық дағдылар орталығы меңгерушісі немесе оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректордың атына баяндама хат жазуға құқығы бар.

Студенттерге арналған ақпарат

СТУДЕНТТЕРДІҢ ПРАКТИКАЛЫҚ ДАҒДЫЛАР

ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ ТӘРТІП ЕРЕЖЕЛЕРІ

1.  Студенттер сабақ басталардың алдында сыртқы киімін гардеробқа тапсырып, жеке заттары мен сөмкесін ПДО шкафына салады. Халат, қалпақ және екінші аяқ киімді киіп, қатаң түрде кафедраның ПДО-ға тапсырған сабақ кестесіне сәйкес көрсетілген  уақыт бойынша кафедра оқытушысымен/ ПДО жаттықтырушысымен оқу кабинетіне барады.  Студенттер оқытушысыз оқу кабинетіне мүлдем кіргізілмейді.

2.  Сабақ басталудың алдында студенттер оқытушылардан манекендермен және мед. жабдықтармен жұмыс істеудің тәртібі туралы кеңес алады. Тренажерда өз бетімен манипуляциялар жүргізуге, оқытушы немесе ПДО қызметкерлері болмаған кезде компьютердегі бағдарламаларды қосуға, өшіруге және енгізуге қатаң түрде тиым салынады.

3.  Тренажерлардың, манекендердің және компьютерлердің бұзылғаны немесе істен шыққаны анықталған кезде дереу түрде оқытушыға хабарлау қажет. Ақауларды өз бетімен жөндеуге тырыспаңыздар.

4.  Студенттердің үзіліс кезінде оқу кабинетінде оқытушысыз болуына тиым салынады, сонымен қатар, үзіліс кезінде ПДО дәлізінде жүруге болмайды. Үзіліске шығу және үзілістен қайту кезі ПДО-дағы үзілістер кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.

5.  Тренажер немесе манекенге сұйықтық құйған кезде абай болған жөн, себебі, манекеннің ішкі құрылысына зақым келуі мүмкін.

6.  Манипуляциялар өткізу кезіндегі мед.жабдықтарды қолданарда сақ болу қажет, себебі манекен тұтастығына зақым келтірілуі мүмкін. 

7.  Манекенде қаламсаптың, сияның және маркердің іздерін қалдыруға тиым салынады.

8.  Тренажер мен манекендерге арналған сұйықтық ретінде йод немесе т.б. ұқсас сұйықтықтарды қолдануға болмайды.

9.  Кез келген инвазиялық құрылғы енгізген кезде су негізіндегі силиконды спрей қолданылады.

10.  Сабақ өткізілгеннен кейін тренажердан барлық сұйықтықты абайлап шығару қажет.

11.  Сабақ біткен соң студент өзінің жұмыс орнын тазалап, тренажер немесе манекеннің тұтастығын тексеруге міндетті.

Оқу құралдарын және медициналық жабдықтарды

бұзбауды және оларға ұқыпты қарауды өтінеміз

Берілген тәртіпті бұзған кезде ПДО директоры студенттен жазбаша түрде ережені бұзған себептері туралы түсініктеме талап етуге және болған жағдай туралы оқытушыға, кафедра меңгерушісіне, ЖОО әкімшілігіне хабарлауға құқылы. Студент ережені жүйелі түрде бұзған жағдайда, ЖОО әкімшілігінің алдында студентке тәртіп жөніндегі жаза қолдану туралы мәселе қойылады.