Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Білім беру
Талапкер
Биология кафедрасы

Биология кафедрасы

4415dbd01a2281b1dd278f972451b8a0

Биология кафедрасында білім беру үрдісі кафедра қызметкерлерімен дайындалған және ҚР БҒМ және ҚР ДСМ тізіміне енгізілген келесі білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады: «6В05101Биомедицина» «6В051 Биологилық және аралас ғылымдар» (бакалавриат) бағыты; «7M05101 Биолог-зерттеуші» (бейіндік бағыт), «7M05101 Биолог-зерттеуші» (ғылыми-педагогикалық бағыт) және «7M05103 Биомедицина» (ғылыми-педагогикалық бағыт) дайындық бағыты «7М051 Биологиялық және аралас ғылымдар» (магистратура); «7M10105 Жасушалық инженерия» (ғылыми-педагогикалық бағыт) және «7M10105 Жасушалық биология, генетика және патология» (ғылыми-педагогикалық бағыт) «7М101 Денсаулық сақтау» (магистратура) дайындық бағыттары.

Жоғарыда көрсетілген жалпы білім беру бағдарламалары негізінде барлық мамандықтар бойынша білім алушылар молекулярлық биология, жасушалық биология және генетика бағыттары бойынша терең іргелі және қолданбалы білім алады.

Кафедраның ғылыми бағыты – қалыпты және патологиядағы молекулярлық-жасушалық зерттеулер.

Кафедра меңгерушісінің міндетін атқарушы – биология ғылымдарының магистрі Татина Елена Степановна, оның Хирша индексі 1-ге тең (Clarivate Analytics, Scopus), авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы 3 куәлігі, Clarivate Analytics және Scopus деректер базаларында индекстелетін журналдарда жарияланған 8 ғылыми жарияланымдары бар, 6 жарияланымдары – БҒСБК журналдарында. Орыс және ағылшын тілдерінде сабақ жүргізеді.

Бакалавриат және магистратура бойынша жоғарыда көрсетілген жалпы білім беру бағдарламаларының жетекшісі химия ғылымдарының кандидаты, доцент, кафедра профессоры Рахимова Бибигуль Багдатовна болып табылады, оның Хирша индексі 3-ке тең (Clarivate Analytics, Scopus), 1 патенті, авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі, Clarivate Analytics және Scopus деректер базасында индекстелетін журналдарда жарияланған 12 ғылыми жарияланымдары бар, БҒСБК журналдарында 14  жарияланымдары бар. Орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде сабақ жүргізеді.

«Молекулярлық-генетика» (бакалавриат), «Молекулярлық биология» (магистратура) пәндерінің модуліне жауапты Есильбаева Баян Турдалиевна, биология ғылымдарының кандидаты, кафедраның қауымдастырылған профессоры, оның Хирша индексі 1-ге тең (Clarivate Analytics, Scopus), 1 патентке, авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы 8 куәлікке, Clarivate Analytics және Scopus деректер базасында индекстелетін журналдарда 16 ғылыми, БҒСБК журналдарында 10 жарияланымдары бар. Қазақ және орыс тілдерінде сабақ жүргізеді.

«Генетика» (магистратура) пәні модуліне жауапты Джангильдинова Светлана Александровна, биология ғылымдарының кандидаты, кафедраның қауымдастырылған профессоры, 1 патент, авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы 2 куәлік, Clarivate Analytics және Scopus деректер базасында индекстелетін журналдарда жарияланған 4 ғылыми, БҒСБК журналдарында 10 жарияланым бар. Орыс және ағылшын тілдерінде сабақ жүргізеді.

Култанов Берикбай Жукенович, биология ғылымдарының докторы, профессор, кафедра профессоры-зерттеушісі, оның Хирша индексі 2-ге тең (Clarivate Analytics, Scopus), 5 патенті, авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы 7 куәлігі, Clarivate Analytics және Scopus деректер базасында индекстелетін журналдарда жарияланған 26 ғылыми, БҒСБК журналдарында 25 жарияланымдары бар. Қазақ және орыс тілдерінде сабақ жүргізеді.

Бритько Валерий Владимирович биология ғылымдарының кандидаты, кафедраның қауымдастырылған профессоры, оның Хирша индексі 1-ге тең (Clarivate Analytics, Scopus), 1 патентке ие, 1 авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі, Clarivate Analytics және Scopus деректер базасында индекстелетін журналдарда 1 ғылыми, БҒСБК журналында 2 жариялымдары жарияланған. Орыс тілінде сабақ жүргізеді.

Дюсенбекова Баян Нестеровна, биология ғылымдарының кандидаты, кафедраның қауымдастырылған профессоры, авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы 1 куәлігі бар, Clarivate Analytics және Scopus деректер базасында индекстелетін журналдарда жарияланған 1 ғылыми, БҒСБК журналдарында 20 жарияланымдары бар. Қазақ және орыс тілдерінде сабақтар жүргізеді.

Салимбаева Бакит Магзумбековна, биология ғылымдарының кандидаты, оның Хирша индексі 1-ге тең (Clarivate Analytics, Scopus), 1 патентке, авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы 8 куәлікке, Clarivate Analytics және Scopus деректер базасында индекстелетін журналдарда жарияланған 16 ғылыми, БҒСБК журналдарында 10 жариялымдары жарияланған. Қазақ және орыс тілдерінде сабақ жүргізеді.

Калиева Гулжан Тусупжановна, биология ғылымдарының магистрі, кафедра профессорының ассистенті, авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы 2 куәлігі, Clarivate Analytics және Scopus деректер базасында индекстелетін журналдарда жарияланған 2 ғылыми, БҒСБК журналдарында 4 жарияланымы бар. Қазақ тілінде сабақ жүргізеді.

Куатбаева Куттыкыз Номозовна, жаратылыстану ғылымдарының магистрі, кафедра оқытушысы, Clarivate Analytics және Scopus деректер базасында индекстелетін журналдарда жарияланған 1 ғылыми, БҒСБК журналдарында 2 жарияланымдары бар. Қазақ тілінде сабақ жүргізеді.

Жунусова Мадина Ильясовна, жаратылыстану ғылымдарының магистрі, кафедраның стажер- оқытушысы. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сабақ жүргізеді.

Ерубай АйданаСуюншибайкызы жаратылыстану ғылымдарының магистрі, кафедраның стажер- оқытушысы. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сабақ жүргізеді.