Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Хабардандыру
Құрметті әріптестер!

Құрметті әріптестер!

25 Желтоқсан 2014

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Сіздерді 2015 - жылдың 26 - ақпанында болатын «Жастар мен ғылым әлемі: жетістіктері мен келешегі» жас ғалымдардың халықаралық конференциясына (әрі қарай Конференция) қатысуға шақырамыз.

Конференцияның мақсаты – медицина мен денсаулық сақтаудың өзекті мәселелерін талқылау, жас ғалымдардың ғылыми жетістіктері бойынша қоғамды ақпараттандыру.

Конференцияның басты бағыттары:

1. Қоғамдық денсаулық сақтау және әлеуметтік медицина

2. Клиникалық медицина

3. Зертханалық және молекулярлық медицина

Бұл конференция жас ғалымдар, магистранттар, докторанттар, ғылыми қызметкерлер мен 35 жасқа дейінгі зерттеушілер үшін өткізіледі.

Қатысу түрлері:басылым, ауызша баяндама, Е-постер.

Конференция материалдары бойынша ғылыми жұмыстар жинағы жарыққа шығады.

Конференция тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференцияға қатысу үшін ұйымдастыру комитетінің мекенжайына келесі материалдарды жіберу қажет:

1.  Конференцияға қатысуға өтініш (формасы берілген);

2.  басылымныңсканерленген бірінші беті мен ғылыми жетекшінің  қолы; (электронды нұсқа);

3.  басылым және/немесе ұйымдастыру жарнасы үшін төленген түбіртектің сканерленген нұсқасы

Конференцияға ұсынылатын тезистер, баяндамалар мен E-постерлер медицина мен денсаулық сақтау саласындағы өзекті ғылыми зерттеулердің нәтижелерін, жетістіктері және тәжірибесін қамту керек.

Тезистер мемлекеттік, орыс және ағылшын тілінде (электронды нұсқасында) тіркеу формасымен бірге конференцияның ұйымдастыру комитетіне 2015 - жылдың 9 - ақпанына дейін жіберілу керек.

Жарияланымды рәсімдеу талаптары

1.  Тезис бір бетте, жол аралық интервалы 1,0, 30 жолдан кем емес болуы керек, шрифтіTimesNewRoman, KzTimesNewRoman, кегль 12, жоғарыдан және төменнен 2 см, сол жақтан 4 см, оң жақтан 1,5 см. Бірінші жолында тезискеӘӨЖ қойылады, екінші жолында – ғылыми жетекшімен бірге автордың Т.А.Ә. (5 автораға дейін). Одан жол төмен – тезистің атауы (жазба әріптерімен), келесі жолда – оқу орны мен қала** атауы. Тезис соңында автордың мекенжайы мен телефоны көрсетілу керек. Жарияланымға бір автордан 2 тезиске дейін  қабылданады.Тезис көлемі – 3беттен кем емес.

* Автор(лар)дың Т.А.Ж. әрқайсысының жұмыс орнымен индекстеледі – А.В. Витавская 1, Н.И. Пономарева 2, Г.К. Алтынбаева 3

** Автор(лар)дың жұмыс орны – Алматы техникалық университеті1, Ғылыми-техникалық ақпараттың халықаралық орталығы2, Рудныйлық индустриалды институт3.

2.  Фотолар, суреттержәнесызбаларсканерленген немесе компьютер нұсқасында орындалуы қажет. Фотолар анық,суреттер айқын, иллюстрацияға міндетті түрде қол қойылу керек. Микрофотография қолдарында міндетті түрде бояу тәсілі, үлкейтілу көрсетілу керек.

3.  Кестелер атауларымен, нөмерлермен және басылып шығарылған болуы керек.

4.  Жалпыға бірдей қабылданған сөздерден басқа қысқартулар, есімдер мен атаулар рұқсат етілмейді. Өлшем жүйесі СИ бойынша беріледі. Қысқартулар мәтiнде бiрiншi пайда болғаннан кейiн ашып айтылады және өзгерусіз қалады.

5.  Әдебиеттер тізімі алфавит бойынша және МЕСТ 7.1-2003 бойынша рәсімделеді. Мәтінде библиографиялық реттік сілтеме төртбұрышты жақшада беріледі.. Жарияланбаған жұмыстарға сiлтеме жасау рұқсат етiлмейдi.

6.  Материалдар жинақта өзгертусіз көшiру әдiсімен орналастырылады, сондықтан тезистер барлық жоғарыда айтылған талаптарды мұқият орындалуымен, тек редакциялалған түрде ғана қабылданады.

7.  Жарияланған немесе баспаға жіберілген материалдарды конференцияның ұйымдастыру комитетіне жіберу рұқсат етілмейді.

8.  Жариялаудың құны бiр бет үшін 250 теңгенi құрайды.

9.  Ұйымдастыру жарнасы 1500 теңге мөлшерінде 2015 - жылдың 9 - ақпанына дейін «ҚММУ Тәуелсiз қызметкермен студенттер кәсiподағы» шотына аудару қажет. Іссапар мен тұру орны шығынын бағыттаушы жақ төлейді.

10.  1500 теңге ұйымдастыру жарнасына кіретіні:

-  конференция жұмысына қатысу,

-  конференция материалдарын алу(электронды нұсқасы),

-  қатысушы сертификаты.

Ұйымдастыру комитетімен редакция комиссиясы конференцияға жіберілген тезистер, баяндамаларды таңдауға құқылы.

Материалдарды жинақта жариялау мерзiмi 2015 - жылдың 9 - ақпанына дейiн.

Қатысуға өтініштер 2015 - жылғы 31 - қаңтарға дейiн қабылданады.

Бір қатысушының тіркелуі  - 1500 теңге

е-Poster-діресiмдеу талаптары:

Постерлер электрондық түрде барлық конференция ағымында бейнеленеді. Постерлер форматы - MS PowerPoint, слайдтар саны 6-8. Баяндаманың құрылымы: кіріспе, материалдар және әдiстер, нәтижелер және қорытынды

Қатысуға толтырылатын өтiнiш, баяндаманың электронды нұсқасы, тезистер, постерлер, ұйымдастыру жарнасы және жарияланымның төленгені туралы түбiртектiң көшiрмесiн электронды адреске жіберу: smu-qmu@mail.ru

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!!

СІЗДІҢ ЭЛЕКТРОНДЫ ПОШТАҢЫЗҒА ҚАБЫЛДАНҒАНЫ ЖӨНІНДЕ РАСТАМА КЕЛГЕННЕН КЕЙІН ҒАНА КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУҒА ӨТІНІШ ПЕН МАТЕРИАЛДАР ҚАБЫЛДАНҒАН БОЛЫП САНАЛАДЫ.

Конференцияның өткiзілу орны:

100000, Қазақстан Республикасы,

Қарағанды қ., Гоголькөшесі,40.

Қарағандымемлекеттік медицина университеті

Ұйымдастыру комитетімен қатынасу түрі:

Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ., Гоголькөшесі 40., 401 каб.

ҚММУ жас ғалымдар кеңесінің төрағасы

Изденов Асет Кайратович, izdenov@qmu.kz

байланыс телефоны: 8(7212)513897 (175), 8701- 756-56-17

Ұйымдастыру комитетінiң төрайымы:

Ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор: м.ғ.д. Тұрмұхамбетова Анар Ақылбекқызы

Орындаушылар:

ҚММУ жас ғалымдар кеңесінің төрағасы

Изденов Асет Кайратович, izdenov@qmu.kz

Ғылыми және инновациялық қызмет менеджменті бөлімінің бастығы, х.ғ.к.

Едильбаева Танзира Токтархановна  edilbaeva@qmu.kz

ҚММУ жас ғалымдар кеңесінің орынбасары

Айжан Кайратовна Нургалиева, NurgalievaA@qmu.kz

байланыс телефоны: 8702-663-18-63

Конференция жинағы үшін жауапты хатшылардың байланыс ақпараты:

Кадырова Ирина Адильевна, байланыс телефоны: 8701-503-37-30

Даулеткалиева Жания Абаевна, байланыс телефоны: 8701-754-53-49

E-mail: smu-qmu@mail.ru 

Жарияланымды төлеуi үшiн ҚММУ реквизиттері:

Ұйымдастыру жарналарын төлеу үшiн реквизиттер:

РМК «Қарағандымемлекеттік медицина университеті»

Адрес: Қарағанды қ., Гоголь көш., 40

ЖСК  KZ698560000000502860

БСН  990240001118

Тел.:  51-38-97

Банк  ФАО «БанкЦентрКредит»

Қарағанды қ.,

БИК  KCJBKZKX

Кбе  16

КНП 859

«Жинақтағы тезисті жариялау үшін» белгісімен

«ҚММУ қызыметкерлер мен студенттер тәуелсіз кәсіподағы»

Қазақстан Халық Банкі» АҚ

БСН 030240000359

БСК HSBKKZKX

ЖСК KZ166010191000044760

Код 18

КНП 859

«Ұйымдастыру жарнасы үшін»

«Көрмені ұйымдастыру үшін»,

«Демеушілік үшін» белгісімен

Қосымша 1

  Конференцияға қатысуға өтiнiш

Т.А.Ж. (толық)

Мемлекеттік тілде________________________________________________________________________

Орыс тілінде _________________________________________________________________

Ағылшын тілінде_______________________________________________________________________

Ғылыми дәрежесі, атағы___________________________________________________________

Ұйым, лауазымы_________________________________________________________________

Телефон ______________________________________факс___________________________

e-mail________________________________________________________________________

пошта мекенжайыны ___________________________________________________________

баяндама                                    жарияланым                                     Е-постер

Баяндама аты_________________________________________________________________

Конференцияға келу мерзiміШ: келу күні _____________________________________________

  кету күні _____________________________________________

Қонақ үйде орын алуға өтініш  «________________» , «_________________»

«_____»______________20___ ж.

  (толтырылған күні)


0
19552

пікірлер

пікір қалдыру үшін.