Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Хабардандыру
Хабарландыру

Хабарландыру

08 Ақпан 2024

«Қарағанды медицина университеті» КеАҚ студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жыл сайынғы Республикалық конкурсының I (ЖОО ішіндегі) кезеңінің өткізілетіні жайлы хабарлайды(бұдан кейін – СҒЗЖ конкурсы).

СҒЗЖ конкурсының негізгі мақсаттары мен міндеттері:

1)  Студенттердің ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру;

2)  Ең дарынды студенттерді іріктеу және қолдау;

3)  Қазақстан Республикасының зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу.

СҒЗЖ конкурсы 2 кезеңнен тұрады:

1)  Бірінші кезең–ЖОО ішіндегі кезең;

2)  Екінші кезең – республикалық деңгейдегі кезең.

СҒЗЖ конкурсынағылыми қоғамдастықтыңнемесе ғылыми жетекшініңұсынысы бойынша университеттің студенттері мен студенттік ұжымдары қатыса алады.

СҒЗЖ конкурсына қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

1)  Ғылыми жұмыс;

2)  Ғылыми жұмыстың аннотациясы (1-қосымшадағы нысанға сәйкес);

3)  Орындалған жұмыстың дербестік дәрежесі туралы ғылыми жетекшінің пікірі (еркін нысанда);

4)  Автор (авторлар) және ғылыми жетекші туралы мәлімет.

Ғылыми жұмысты ресімдеуге қойылатын талаптар: СҒЗЖ конкурсынақазақ, орыс және ағылшын тілдерінде Times New Roman шрифтімен басылған ғылыми жұмыс ұсынылады, кегль – 12, интервал – 1,5. Жұмыс көлемі 20-40 беттен аспауы керек. Жұмыс көлеміне қойылатын шектеулерге және оны ұлғайтуға байланысты мәселелерді базалық жоғары оқу орындары өзгерте алады. Макеттер мен табиғи жәдігерлерді (экспонат) ұсыну рұқсат етілмейді. Ғылыми жұмысқа қосымша ретінде берілген сызбалар мен иллюстрациялар стандартты өлшемдегі парақтарда болуы тиіс. Ғылыми жұмыстың нәтижелерін енгізу туралы актілерді (актілердің көшірмелері), патенттер мен ғылыми мақалалардың көшірмелерін ғылыми жұмыспен қоса беруге болады. Дипломдық және курстық жұмыстарда, жобаларда ғылыми жаңалық болса немесе олардың нәтижелерін өндіріске немесе оқу процесіне енгізу көзделсе, оларды конкурсқа ұсынуға болады.

·  СҒЗЖ байқауының II кезеңінде (республикалық) 1, 2, 3 орын алған жүлдегерлер ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің I, II және III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.

·  1 орын алған студент-лауреатқа «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ сыйақы қарастырылады.

·  Талапкерді магистратураға қабылдау кезінде СҒЗЖ конкурсынан алған дипломы мен жетістіктерін қабылдау комиссиясы ескереді. Кемінде үш ғылыми жұмысқа жетекшілік еткен ғылыми жетекші Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің дипломымен марапатталады.

СҒЗЖ конкурсына қатысуға арналған құжаттар 2024 жылдың 29 ақпанына (қоса алғанда) дейін мына электрондық мекенжайға BatykovaA@qmu.kz  жіберілуі тиіс немесе ғылыми жұмыстың қағазға шығарылған нұсқасы Ғылыми жұмыс бөліміне тапсырылуы тиіс. Мекенжай: Гоголь көшесі, 40/6, 3-қабат, каб.360, тел.: 8 (7212) 50-39-30 (ішкі 1435), 8(776)265-04-36.


0
672

пікірлер

пікір қалдыру үшін.