Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Хабардандыру
Аса құрметті әріптестер!

Аса құрметті әріптестер!

07 Қыркүйек 2023

КеАҚ «Қарағанды Медициналық университеті» «НЕИРОН» Ассоциациясымен бірге (Реабилитологтардың ғылыми-тәжірибелікЕвразиялық Интеграциясы,Ортопед-травматологтар, Неврологтар)» осы хат арқылы сіздерге өз құрметін білдіре отырып, 2023 жылдың  08 қыркүйегінде аралас форматта болатын «Когнитивті  бұзылыстар:диагностикасында, терапиясында және превенцияда приоритетті бағыттар. Гериатриялық науқас: белсенді ұзақ өмір сүру» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуларыңызды сұрайды. Отандық және шетелдің жетекші эксперттері әртүрлі нозологияда когнитивті  бұзылыстардың диагностикасы, терапиясы, реабилитациясы және превенциясының жаңа әдістерін көрсетеді, заманауи технологиялармен және гериатриялық науқастарды жүргізу тәжірибелерімен таныстырады.

Қатысушыларды тіркеу 08 қыркүйек 2023 жылға дейінмына сілтеме бойынша жүргізіледі https://cos.qmu.edu.kz/web/index.php?r=conference/create . Тіркеуден өткен соң, Сіздің тіркеу мәліметтеріңіз белсендірілуі үшін Сіз көрсеткен  электрондық поштаңызға автоматты түрде сілтеме жіберіледі, сол арқылы өткенде осы шараның қатысушысы ретінде тіркелесіз. Конференция біткен соң белсенділігін көрсеткен  барлық қатысушыларға Электрондық түрде сертификат беріледі. 

Конференцияда қатысатын тілдер: орыс, қазақ,ағылшын.

Конференцияның мақсаты: тәжірибе алмасу, когнитивті сфера облысындағы  маңызды аспекттілерді талқылау, гериатрияның жаңа тәсілдері, белсенді ұзақ өмір сүру бағытының мәселелерін анықтау және шешу жолдары.

Конференцияның негізгі бағыттары:

·  Кәзіргі жағдайға байланысты әртүрлі  ауруларда когнитивті бұзылыстарды зерттеу, диагностика, терапия және реабилитация жетістіктері;

·  Гериатриялық науқас: белсенді ұзақ өмір сүру және гериатриядағы терапия мен дәрігерлік және мейіргерлік диагностикалық процесстің жаңа мүмкіншіліктері;

·  Нерв жүйесінің әртүрлі ауруларында когнитивті бұзылыстардыңпревенциясы және когнитивті реабилитацияның маңызды бағыттары;

·  Неврологиядағы, терапиядағы және мейіргер ісіндегі гериатриялықнауқас.

Конференция аясында 35 жасқа дейінгі авторларға "Жас ғалым мектебі"сателлит симпозиумына  жеке қатысумүмкіншілігі бар.

Секцияда қатысу формалары «Жас ғалым мектебі»: қатысу+публикация, қатысу+публикация+баяндама, қатысу+ баяндама, тыңдаушы ретінде қатысу.

 «Жас ғалым мектебі»баяндамамен секцияға қатысу үшінқатысушы тіркелген карта-өтінімді баяндама ақпаратымен бірге 18 тамызға дейін  yablonskaya@qmu.kz жіберу қажет. Тіркеу картасын жібергеннен соң «Жас ғалым мектебі» секциясының ұйымдастырушы комитеті Сізге тіркелгеніңізді растау туралы ақпаратты және өткізілетін локацияны жібереді. Қатысу тегін. 1-3 орын алған қатысушылар, 1-3 дәрежелі дипломмен марапатталады.

«Жас ғалым мектебі» публикациямен секцияға қатысу үшін талаптарға (публикацияға  талаптар  мына жерде https://qmu.edu.kz/ru/contents/list/682) сай жазылған жұмысты жібересіз, рецензиясы оң болған жұмыстар «Медицина және экология»  ғылыми-тәжірибелік журналда жарияланады (материалдарды өткізу мерзімі  08 қыркүйек 2023 ж дейін.). «Медицина және экология» журналында мақаланы жариялау - 5 000 тг.  

«Жас ғалым мектебі» секцияға жеке тыңдаушы ретінде қатысу үшін қатысушы тіркелген карта-өтінімдітыңдаушы ретінде e-mail: yablonskaya@qmu.kz жіберу қажет. Тіркеу картасын жібергеннен соң «Жас ғалым мектебі» секциясының ұйымдастырушы комитеті Сізге тіркелгеніңізді растау туралы ақпаратты және өткізілетін локацияны жібереді. Қатысу тегін.

Конференция бағдарламасы бойынша толық ақпарат кейінірек жіберіледі.

Оргкомитеттің контакт координаттары:

Тургунов Ермек Мейрамович, КеАҚ «ҚМУ» ғылыми және клиникалық жұмыс бойынша проректор;

Полякова Елена Олеговна, КеАҚ «ҚМУ» жалпы медицина Мектебінің деканы e-mail: polyakova@qmu.kz;

Естемесова Карлыгаш Амангельдиевна, к.б.н., КеАҚ «ҚМУ» Мейіргерлік оқыту Мектебінің деканы e-mail: estemesova@qmu.kz;

Киспаева Токжан Тохтаровна, д.м.н., проф., КеАҚ «ҚМУ», «НЕИРОН» кәсіби ассоциация президентітел.+7-778-459-09-79; e-mail: kispayevatt@mail.ru ;

Большакова Инна Александровна, КеАҚ «ҚМУ»ассистент профессор,моб. 8-777-351-25-04 («Жас ғалым мектебі» секторының жауапты хатшысы);

Яблонская Виктория Юрьевна, КеАҚ «ҚМУ», 8-747-285-52-90.


0
1140

пікірлер

пікір қалдыру үшін.