Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Хабардандыру
Хабарландыру

Хабарландыру

01 Қараша 2022

«Қарағанды медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

100008, Қарағанды қ., Гоголь көшесі, 40

Тел.: 8 (7212) 50-39-30,

Факс: 8 (7212) 51-89-31

Бос лауазым орнына  орналасуға конкурс жариялайды:

Қоғаммен байланыс қызметі

Басшы – 1 бірлік.

Кітапхана

Директор – 1 бірлік.

Мансапты дамыту орталығы

Басшы – 1 бірлік.

Өмір туралы ғылымдар институты

Директор – 1 бірлік.

Ғылыми жұмыс бөлімі

Бастық - 1 бірлік.

Академиялық жұмыс бөлімі

Бастық - 1 бірлік.

Ұжымдық пайдалану зертханасы

Меңгеруші - 1 бірлік.

Цифрландыру бөлімі

Бастық - 1 бірлік.

Инфрақұрылымды дамыту департаменті

Директор – 1 бірлік.

Медицина университетінің клиникасы

Бас дәрігер-1 бірлік.

Кәсіптік денсаулық клиникасы

Бас дәрігер-1 бірлік.

Құжаттарды қабылдаудың басталу және аяқталу күні мен уақыты – 2022 жылғы  02 қарашадан бастап 2022 жылғы 15 қараша,  сағ. 18.00-ге дейін.

Кандидат жеке өзі немесе электрондық пошта/курьерлік қызмет арқылы конкурс комиссиясының хатшысына көрсетілген кезеңнен кешіктірмей конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды жібереді.

Конкурсқа қатысуға өтініш Конкурстық комиссия төрағасының атына жазылады. Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға мынадай құжаттарды ұсынады:

1.  жеке куәліктің көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы;

2.  жоғары білімі, академиялық және/немесе ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атағы туралы құжат және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары (басқа мемлекеттің білімі туралы дипломы бар адамдар үшін апостиль қою және нострификациялау рәсімінен өткен дипломды ұсыну қажет);

3.  қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;

4.  «ҚМУ» КеАҚ қызметкерлері үшін - Сенат хатшысы куәландырған ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (бар болса); «ҚМУ» КеАҚ - да жұмыс істемейтін қызметкерлер үшін ұйымда осы функцияны орындауға уәкілеттік берілген адам;

5.  сондай-ақ конкурс өткізуге арналған хабарландыруда көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын басқа да құжаттар.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (ғылыми жарияланымдар тізімі, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар), сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы.

Бөлімше басшысының бос лауазымына орналасуға арналған конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар қосымша өзінің көзқарасы мен бөлімшенің Даму стратегиясы туралы презентация ұсынуға тиіс.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:

- қоғаммен байланыс қызметінің басшысы лауазымына - «Журналистика» мамандығы бойынша жоғары білім, мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі, ағылшын тілін білу.

- кітапхана директоры лауазымына - жоғары кәсіптік білім, кітапханадағы басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

- мансапты дамыту орталығының басшысы лауазымына - жоғары білім, білім беру ұйымдарындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

- өмір туралы ғылымдар институтының директоры лауазымына - жоғары медициналық білім, ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесі, ғылыми еңбектерінің болуы, ғылыми және ұйымдастырушылық жұмыс тәжірибесі кемінде 5 жыл.

- ғылыми жұмыс бөлімінің бастығы лауазымына - жоғары білім, ғылыми дәрежесінің, ғылыми атағының немесе академиялық дәрежесінің болуы, ғылыми жұмыс тәжірибесі кемінде 5 жыл.

- академиялық жұмыс бастығы лауазымына - жоғары білім, ғылыми дәрежесінің, академиялық дәрежесінің болуы, білім беру ұйымдарында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі

- ұжымдық пайдалану зертханасының меңгерушісі лауазымына - жоғары медициналық білім, ғылым докторы (кандидаты) ғылыми дәрежесі, ғылыми еңбектер, өнертабыстарға авторлық куәліктер, сондай-ақ практикада іске асырылған нәтижелер, тиісті білім саласындағы ғылыми бедел.

- цифрландыру бастығы лауазымына - IT технологиясы саласындағы жоғары техникалық білім және осы саладағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

- инфрақұрылымды дамыту директоры лауазымына - жоғары кәсіптік (экономикалық) білім және шаруашылық қызметті басқаруды ұйымдастыру саласындағы мамандығы бойынша кемінде  3 жыл жұмыс өтілі.

- Медицина университеті клиникасының бас дәрігері лауазымына - медицина саласындағы жоғары білім; экономика/қаржы және кредит/құқық/бизнес әкімшілендіру саласында екінші жоғары білімнің болуы немесе «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Денсаулық сақтау менеджменті», «Менеджмент» немесе «Медицина» мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің болуы (оқуды аяқтаған адамдар үшін ғылыми-педагогикалық магистратурада 2011 жылға дейін), «Бизнес әкімшілендіру», «Іскерлік әкімшілендіру», «Экономика», «Қаржы және кредит» немесе ғылыми дәрежесінің болуы / PhD докторы; Денсаулық сақтау саласындағы басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл.

- Кәсіптік денсаулық клиникасының бас дәрігері лауазымына - жоғары медициналық білім және/немесе экономика/қаржы және кредит/құқық/бизнес әкімшілендіру саласындағы екінші жоғары білім немесе «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Денсаулық сақтау менеджменті», «Менеджмент» немесе «Медицина» мамандықтары бойынша магистр дәрежесі (2011 жылға дейін ғылыми-педагогикалық магистратурада оқуын аяқтаған тұлғалар үшін), «Бизнес әкімшілендіру», «Іскерлік әкімшілендіру», «Экономика», «Қаржы және кредит» немесе ғылыми дәрежесінің немесе PhD докторының болуы, Денсаулық сақтау саласындағы басшылық лауазымдарда кемінде 2 жыл жұмыс өтілі.

Барлық сұрақтар бойынша мына мекен-жайға хабарласуларыңызға  болады:

Қарағанды қ., Гоголь көш. 40, Адами ресурстарды басқару департаменті

Комиссия хатшысы Калашникова Лилия Ивановна

Электронды пошта: Saakyan@qmu.kz  

(218 каб.) тел: 8 (7212) 50-39-30(1672)


0
1400

пікірлер

пікір қалдыру үшін.