Құрметті Атырау және Маңғыстау облыстары мектептерінің түлектері (бітірген жылына қарамастан)!
Біз Сіздерге «Қарағанды
медицина университеті» КеАҚ-да келесі көлемде жоғары білімі бар кадрларды
даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылғанын қуана хабарлаймыз:
Атырау облысына – 36, оның ішінде: |
||
1. |
В050 «Биологиялық және сабақтас ғылымдар» |
6 |
2. |
B072 «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» |
30 |
Маңғыстау облысына – 83, оның ішінде: |
||
1. |
В050 «Биологиялық және сабақтас ғылымдар» |
7 |
2. |
B072 «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» |
76 |
Біздің университетте орналасқан «Атырау-Маңғыстау» нысаналы грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін қойылатын талаптар:
· Ағымдағы жылдың 16 мамырынан 5 шілдесіне дейін өткізілген Ұлттық бірыңғай тестілеу сертификатының болуы;
· Бейіндік пәндер комбинациясы: Биология-Химия;
· Шекті балл – 50 (әрбір пән бойынша кемінде 5 балл).
МАҢЫЗДЫ: «Атырау-Маңғыстау» нысаналы грант шеңберінде қатысатын тұлғалар бір мезгілде жалпы конкурсқа қатыса алмайды.
Вы можете подать заявление для участия в конкурсе на присуждение Целевого гранта «Атырау-Мангистау» одним из следующих способов:
Сіз «Атырау-Маңғыстау» мақсатты грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін келесі тәсілдердің бірімен өтініш бере аласыз:
1. Қарағанды медицина университетінің қабылдау комиссиясына Қарағанды қ., Гоголь к-сі, 40 (сол жақ бұрышынан), 121 каб. мекенжайы бойынша келу арқылы;
2. Қарағанды медицина университетінің Виртуалды қабылдау комиссиясына келесі сілтеме бойынша қоңырау шалу арқылы: https://jabber-guest.qmu.kz/call/5016
3. Ең жақын ЖОО-ның қабылдау комиссиясына барып, олар арқылы «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ өтініш беру арқылы (ЖОО нөмірі – 30).
Сәттілік тілейміз және өтініштеріңізді күтеміз!