Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Хабардандыру
Құрметті талапкерлер!

Құрметті талапкерлер!

18 Маусым 2020
Қарағанды медицина университетінде 20 маусым мен 7 шілде аралығында "Жалпы медицина", "Стоматология", "Мейірбике ісі" жоғары білім беру бағдарламаларында білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысуға немесе ақылы негізде оқуға ниет білдірген барлық адамдарға АРНАЙЫ ЕМТИХАН тапсыру үшін онлайн-тіркеу ашылды. Арнайы емтиханды өткізу мерзімі: 2020 жылдың 8-13 шілде аралығында (жексенбіден басқа, 12 шілде).

23 шілде мен 24 тамыз аралығында емтихан ақылы бөлімге түсушілер үшін ұйымдастырылады.

Елдегі қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты, Қарағанды медицина университеті қашықтықтан емтихан түрін ұйымдастырады. Тіркеу нысанын толтыру кезінде сіздің байланыс деректеріңізді дұрыс көрсетуіңізді сұраймыз.

Тіркеу сілтемесі: http://www.qmu.edu.kz/ru/contents/list/448

Арнайы (психометриялық) емтихан мамандық таңдаудың түсінігін, стресске төзімділігін және медицинал университетінде оқу барысында психоэмоционалдық жүктемелерге дайындығын, мотивациясын, күрделі шешімдер қабылдау қабілетіне психологиялық диагностикалауды жүзеге асырады. Емтихан тапсыру үшін алдын ала дайындық талап етілмейді, өйткені ол қандай да бір пән саласындағы академиялық білімін тексермейді.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережелеріне сәйкес арнайы емтихан тапсыру грант конкурсына қатысу немесе "Жалпы медицина", "Стоматология", "Мейірбике ісі" жоғары білім беру бағдарламаларына ақылы негізде оқуға қабылдау үшін міндетті.

Байланыс: www.qmu.edu.kz, 8 (7212) 50-39-30 (тергеннен кейін бірден 3 немесе 1340 теру), email: talapker@kgmu.kz, Telegram-бот: @ACqmu_bot

0
4082

пікірлер

пікір қалдыру үшін.