Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Хабардандыру
Құрметті әріптестер және білім алушылар!

Құрметті әріптестер және білім алушылар!

16 Маусым 2020

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы №174 бұйрығымен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында ашықтық пен адалдықты қамтамасыз етудің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты бекітілді.

  1. Оқу процесінің қатысушылары не білу керек?

  Стандарттыжоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлықты жою мақсатында әзірлеген.

  2. Ар-намыстың, ашықтық пен адалдықтың негізгі принциптері:

- адалдық;

- автордың және оның құқылы мұрагерлерінің құқықтарын қорғауды жүзеге асыру;

- ашықтық;

- білім алушылардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу;

- теңдік.

  3. «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ-ның адалдық пен тұтастық мәдениеті неде»?

  Университеттің білім беру процесінің барлық қатысушылары ар-намыс, адалдық пен ашықтық қағидаларын қатаң сақтау керек.

  Оқытушы/қызметкер міндетті:

- адалдық пен парасаттылықтың, моральдық адамгершіліктің үлгісі болу, сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне, тәртіпсіздік пен жауапсыздыққа қарсы тұру;

- студенттермен тәрбие жұмысын, олардың білімі мен мәдениетіне деген қызығушылықты, өз Отанының шынайы патриоттарын тәрбиелеуді олардың қызметінің негізгі бағыттарының бірі ретінде айқындау;

- сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көріністеріне қарсы тұру және оның алдын алу шараларын қабылдау;

- сыбайлас жемқорлыққа жол берілмейтінін өзінен бастап жеке мысалмен білім алушыларға көрсету;

- қазақстандық қоғам мен мемлекеттің жалпыға бірдей танылған моральдық қағидаттары мен стандарттарына негізделген моральдық құндылықтар жүйесін, міндеттер мен жақсы мінез-құлық талаптарын үгіттеп насихаттау ;

- өз әріптестеріңіз бен студенттеріңіздің кәсіби жұмысында және бағалауда адал және әділ болу;

- лауазымдық қызметтерді атқару барысында тәуелсіз болу;

- қызметтік этиканы басқалар тарапынан бұзуға жол бермеу және өз тарапыңыздан сондай бұзушылықтарды болдырмау;

  Білім алушы міндетті:

- Қазақстан Республикасының лайықты азаматы болуға, таңдаған мамандығы бойынша кәсіби маман болуға ұмтылуға, жеке басының жақсы қасиеттерін дамытуға;

- Оқытушының өз міндеттерін адал орындауға кедергі келтіретін кез-келген мүдделер әсерімен байланысты әрекеттерді болдырмауға, оқытушыны жеке тұлға ретінде құрметтеуге;

- білім беру жүйесіне және оқудағы бақылау жұмыстарының барлық нысандарына адалдықпен қарауға, әділетсіздік, немқұрайлылық және арамдыққа жол бермеу;

- әдептіліктің, мәдениеттің және имандылықтың үлгісі болуға, сыбайлас жемқорлық көріністеріне шыдамсыз, төзімділік танытпауға және ең алдымен өздерінің сыбайлас жемқорлық мінез-құлқына жол бермеуге.

Комплаенс-кеңсесі

Байланыс мәліметі:

Комплаенс-офицер – Урмашов Александр Николаевич, urmashov@kgmu.kz, +7 7212 50 39 30 (1273)

Кеңсе маманы - Биева Сауле Кабдырахымовна, Bieva@qmu.kz, +7 7212 50 39 30 (1269)


0
2749

пікірлер

пікір қалдыру үшін.