Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Хабардандыру
Құрметті ҚМУ оқытушылары!

Құрметті ҚМУ оқытушылары!

12 Ақпан 2019

Халықаралық ынтымақтастық бөлімі 2019-2020 академиялық жылға арналған «Мевлана» алмасу бағдарламасы аясында Ататүрік университетінде (Түркия) ұтқырлықтан өтуге өтінімдер қабылдаудың басталғанын хабарлайды!

Өтініштерді қабылдаудың соңғы күні: 2019 жылдың 25 ақпаны.

Байқаудың нәтижелері 2019 жылдың мамыр айында белгілі болады.

Талаптары:

- Оқытушылардың ұтқырлық мерзімі екі аптадан 3 айға дейінгі уақытты қамтиды;

- Оқытушылар аталған бағдарламаға қатысу үшін:

-  Көрсетілген сілтеме бойынша онлайн өтінішті толтыруы http://oia.atauni.edu.tr/application/staff/;

-  Түйіндемесін тіркеуі қажет.

Шарттары:

- Оқытушылар үшін “Мевлана” бағдарламасы түрік тарапынан төленетін аптасына 6 сағаттан кем емес лекцияларды оқуды қарастырады. Егер оқытушы талап етілген сағаттарды жинай алмаса, онда олардың өткізген семинарлары, топтағы жұмыстары, сонымен қатар олардың конференцияларда қатысқандығы есепке алынады.

- бағдарлама есебінен жол ақысына 3500 түрік лирасы көлемінде қаржы бөлінеді;

- тұратын орын шығындарын ПОҚ өздері төлейді, бірақ Ататүрік Университетінің бюджеті мүмкіндік берсе, университет қалашығындағы 1/2/3 қонақүйінен тұратын орын мен түскі аспен қамтамасыз етіледі;

- сонымен қатар ғылыми дәрежесіне байланысты күніне 40-50 түрік лирасы көлемінде тәуліктік ақы төленетін болады. 

ПОҚ-ның ұтқырлық бағдарламалары 2019 жылдың 15 қыркүйегінен кейін басталып, 2020 жылдың 31 тамызына дейін аяқталады.

Бағдарлама бойынша қосымша ақпараттарды алу үшін Халықаралық ынтымақтастық бөліміне жүгінуге болады (Гоголь көш., 40, 331 каб.).


0
2891

пікірлер

пікір қалдыру үшін.