Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Хабардандыру
Кореяның ғылым және технология институтында (KIST) ғылыми-зерттеу тағылымдамасынан өту бағдарламасы

Кореяның ғылым және технология институтында (KIST) ғылыми-зерттеу тағылымдамасынан өту бағдарламасы

01 Ақпан 2019

Кореяның ғылым және технология институты (KIST) шетелдік азаматтарға 6 ай мерзімінде тағылымдамадан өтуді ұсынады, сондай-ақ ағылшын тілі курстарын (студенттерге магистратура мен докторантураға түсу кезінде ағылшын тілінде ресми нәтиже алуға көмектесу үшін), корей тілінің бағдарламасы мен ғылыми зерттеу саласында оқу мүмкіндігін ұсынады. 

Шарттары:

• Үміткерде бакалавр немесе магистр дәрежесі болуы керек немесе оны 2019 жылдың тамызына дейін алуды күтеді;

• Аталған бағдарлама аясында тағылымдама аяқталған соң, Кореяның ғылым және технология институтында ары қарай магистратура мен докторантура бағдарламалары бойынша оқуды жалғастыру көзделген (университетте гранттар бар).

Тағылымдамадан өту мамандықтары:

•Division of Biomedical science and technology

•Division of Energy and Environmental technology

•Division of Nano and Information Technology

Өтініш беру мерзімі:

• Өтініштер 2019 жылдың қаңтар айынан наурыз айына дейін қабылданады, 2019 жылдың шілдесінде тағылымдама басталады.

Тағылымдама аясында келесі шығындар өтеледі:

•Оқу төлемі және тіркеу жарнасы;

•Ай сайынғы бакалавриат студенттеріне 900 долл. көлеміндегі және магистранттарға 1000 доллар көлеміндегі шәкіртақы;

•Медициналық сақтандыру;

•Жатақханада тұру ақысы – айына 120 долл. (студенттер тарапынан жеке төленеді);

•Ағылшын және корей тілдері курстары (TOEIC 4 сағат, аптасына 5 рет, корей тілі курстары: аптасына 2 сағаттан 5 рет).

Студенттер үшін бонустар:

• Студенттер үшін әр түрлі академиялық / мәдени іс-шаралар;

• Үзіліссіз жұмыс істейтін зерттеушілерге тегін кешкі ас;

• Кореяның көптеген басты туристік бағыттарындағы жататын орындарға жеңілдіктер.

Өтініш беру тәртібі:

1) Үміткерлер өтініштерді институттың сайтында онлайн түрде беріп, http://kist_school.kist.re.kr/eAplct/write. құжаттардың толық пакетін электрондық форматта жүктейді;

2) Байқаудан өткеннен кейін үміткерлер тағылымдаманың бірінші күнінде Институт әкімшілігіне құжаттардың түпнұсқаларын баспа түрінде әкелуі тиіс;

3) Үміткерлер институттың профессорлар тізімімен келесі веб-сайтта таныса алады:

http://kist_school.kist.re.kr/professors/list.

Қажетті құжаттар тізімі:

•Барлық үміткерлерге:

- Өтініш формасы;

- Эссе;

- Ұсыныс хаты;

- бакалавр дәрежесінің дипломы немесе оқудың аяқталуын күтуі туралы сертификаты;

- бакалаврдың ағылшын тіліндегі транскрипті;

-(егер студент басқа университетке ауыстырылған болса, ол университеттің  ауысқанға дейінгі және ауысқаннан кейінгі барлық транскриптерін өткізуі тиіс);

- ағылшын тілін білу туралы сертификат (бар болған жағдайда);

- төлқұжат көшірмесі;

- мансабы / жұмысқа орналасу туралы куәлік (бар болған жағдайда);

*Магистр дәрежесіне ие немесе магистратура бағдарламасы бойынша оқитын студенттер келесі қосымша құжаттарды тапсыруы тиіс:

-Магистр дәрежесінің дипломы немесе оқуды аяқтайтыны туралы куәлік;

-Ағылшын тіліндегі магистрдің транскрипті;

(егер студент басқа университетке ауыстырылған болса, ол университеттің  ауысқанға дейінгі және ауысқаннан кейінгі барлық транскриптерін өткізуі тиіс);

-Магистерлік диссертация;

(Тек мақалалар мен абстрактілердің атаулары ұсынылуы керек. Егер университеттің ережелеріне немесе басқа да тиісті заңдарға сәйкес дипломды диссертация жазу қажетінсіз алған болсаңыз, онда тиісті құжаттарды өткізуіңіз керек);

- Ғылыми жетістіктері (бар болған жағдайда);

- (басылымдары, соның ішінде ғылыми конференцияларда ұсынылған жарияланған мақалалары, және патенттері).

Ескерту

•Тағылымдамадан өткен соң, студенттер институтта оқуды жалғастыру үшін ағылшын тілінің тиісті деңгейіне ие болулары қажет (TOEFL (iBT – 79, CBT – 213, PBT-550), TOEIK (730), TEPS (630), IELTS (6.0)).

•Өтініш беріп болғаннан кейін академиялық мәртебесінде оқудан шығарылу немесе қатысудан бас тарту сияқты өзгерістер болған жағдайда, ал студент өз мәртебесінің өзгергендігі туралы Институттың хатшылығына хабарлама жібермеген болса, институт тағылымдаманы болдырмауға немесе тоқтатуға құқылы.

•Аталған тағылымдама үздік студенттерге академиялық бағдарламамен оқуды бастамас бұрын, алдын-ала белгілі бір ғылыми бағыттар мен зертханаларда тәжірибе жинауға көмектеседі. Тағылымдама кезінде студенттер өздеріне лайықты ғылыми жетекшіні 2019 жылдың күзгі семестрі басталғанға дейін таба алмаса, тағылымдама автоматты түрде тоқтатылады.

•KIST институты ағылшын тілі сабақтарын ұсынады және студенттерге магистратура мен докторантураға түсу кезінде ағылшын тілінің ресми нәтижесіне қол жеткізуге көмектесу үшін емтихандарды 3 ретке дейін төлейді. Алайда, студенттер KIST бағдарламасының семестріне қабылдау басталуға дейін, ағылшын тілі балдарының ең төменгі талаптарына сәйкес келмесе, тағылымдама автоматты түрде тоқтатылады.

Тағылымдама туралы толық ақпаратты келесі телефон арқылы алуға болады:

8(7172) 76 90 69


0
3221

пікірлер

пікір қалдыру үшін.