Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Хабардандыру
ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

31 Қазан 2018

Сіздерді 2018 жылдың 20-21 қарашасында өтетін,

«УНИВЕРСИТЕТТІК АВТОНОМИЯ: БҮГІНГІ

КҮН  КӨРІНІСІ ЖӘНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАТЫН  ЖҰМЫС ҚАҒИДАТТАРЫ» атты

жаһандық халықаралық конференциясына қатысуға шақырамыз.

Конференция мақсаты – институционалдық  автономияныңәртүрлі  аспектілерін талқылау.

Конференция барысында — ЖОО автономиясының мүмкіндіктерін кеңейтудің еңөзекті сұрақтары қарастырылады:

¨   ұйымдастырушылық—басқару автономиясының сұрақтары;

¨   қаржы автономиясы;

¨   автономия жағдайындағы ЖОО кадрлық саясаты;

¨   академиялық автономияда ЖОО өкілеттілігі, білім беру  процестерін  ұйымдастыру қағидаттары;

¨   жоғары білім беру саласында мемлекеттің білім беру саясаты.

Конференция шеңберінде Қазақстан Республикасының  Денсаулық  сақтау министрлігі мен Білім және ғылым Министрлігі өкілдерініңқатысуымен «УНИВЕРСИТЕТТІК АВТОНОМИЯ ШЕҢБЕРІНДЕ МИНИСТРЛІК ПЕН УНИВЕРСИТЕТТЕРДІҢ КОНСОЛИДАЦИЯСЫ» атты панельдік пікірталасты өткізу жоспарлануда. Сонымен қатар, конференция шеңберінде мастер-класстар өткізіледі.

Конференцияға ұсынылатын мақалалар мен баяндамаларда, ЖОО автономиясын енгізу және дамыту саласындағы өзекті зерттеулердің тәжірибесі, жетістігі мен нәтижелері қамтылуы қажет. 

Конференция жұмысына  қатысу үшін  білім  беру  ұйымдарының  басшылары,  академиялық жұмыс департменттерінің, оқу-әдістемелік орталықтарының директорлары, адами ресурстарды басқаратын құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері, қаржылыққызметтердің жетекшілері, ғалымдар және оқытушылар шақырылады.

   Конференцияның жұмыс тілдері: қазақша, орысша, ағылшынша

Өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ.,  Гоголь көшесі,  40.

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Конференцияның жинағына мақалалар мен баяндамаларды  жариялау мүмкіндігі

2018 жылдың 1 қарашасына дейін  қол жетімді.

Мастер-класстарға тіркелудің соңғы мерзімі: 15 қараша 2018 ж.

Конференцияға сілтеме бойынша онлайн-тіркелу:

https://goo.gl/forms/TI9xNtcgNrimqvtV2

Мастер-класстарға сілтеме бойынша онлайн-тіркелу:

https://goo.gl/forms/E4ANhfKB5KpTTZOD2


0
3538

пікірлер

пікір қалдыру үшін.