Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Хабардандыру
Жоғары білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын беру конкурсын жүргізу туралы Құрметті білім алушылар!

Жоғары білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын беру конкурсын жүргізу туралы Құрметті білім алушылар!

11 Шілде 2018

2017 - 2018 оқу жылының жазғы емтихан сессиясының қорытындылары бойынша жоғары білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын беру конкурсы жарияланады.

«Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы N58 Қаулысына және ҚММУ-нің Академиялық саясатына сәйкес:

Жоғары білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттары жазғы және қысқы емтихан сессиясының қорытындылары бойынша даярлау бағыттарының ішінде конкурстық негізде беріледі.

Жоғары білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттары осы мамандығы бойынша ақылы негізде білім алушыларға конкурстық негізде беріледі. Конкурс бүкіл оқу кезеңіндегі GPA үлгерімінің орташа балының негізінде аралық аттестаттаудың нәтижелері бойынша өткізіледі және бос білім беру грантын беру туралы куәлік беріледі.

GPA үлгерімнің орташа балының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда бүкіл оқу кезеңі ішінде тек қана А, А- ("үздік"), содан соң А, А- ("үздік") бағаларынан В+, В, В- ("жақсы") бағаларына дейін бағалары бар, одан әрі – аралас бағалары бар білім алушылар басым құқыққа ие болады.

Екі академиялық кезең ішінде конкурсқа қатысуға келесі білім алушылар жіберілмейді (бос білім беру гранттарына үміткерлердің жоқтығы жағдайын қоспағанда):

-  бір тілдегі оқытудан екінші тілге ауыстырылғандар;

-  басқа мамандықтардан ауыстырылғандар;

-  басқа ЖОО-нан ауыстырылғандар;

-  тәртіптік жазасы барлар;

-  академиялық берешегі барлар;

-  оқудан шыққаннан кейін қалпына келтірілгендер;

-  қайта оқу курсына қалғандар.

Нақты мамандық бойынша үміткерлер болмаған жағдайда, жоғары білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттары жазғы және қысқы емтихан сессиясының қорытындылары бойынша даярлау бағыттарының ішінде конкурстық негізде беріледі.

Құжаттарды қабылдау 2018 жылдың 19 шілдесіне дейін жүргізіледі.

Қажетті құжаттар тізімі:

1. Білім беру гранты бойынша одан әрі білім алу үшін ақылы негізде білім алушының ЖОО ректорының атына жазған өтінімі.

2. Білім алушының транскрипті.

3. Білім алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

4. Әлеуметтік мәртебе туралы анықтама (қажет болған жағдайда).

2017-2018 о.ж

ҚММУ босаған бос орындар сан (10.07.2018ж. жағдайына)

Мамандық атауы

Курс

Оқыту тілі

Бос орындар саны 

Серпін (қазақ)

қазақ

орыс

1. 

Жалпы медицина

I

-

4

11

15

II

2

8

2

12

ІІІ

-

3

2

5

IV

-

1

5

6

V

-

-

-

-

VI

-

2

7

9

2. 

Стоматология

I

-

-

-

-

IV

-

1

1

2

3. 

Фармация

I

-

-

2

2

4. 

Биология

I

-

-

1

1

5. 

Фармацевтикалық  өндіріс технологиясы

I

-

2

-

2

Барлығы

2

21

31

54


0
4516

пікірлер

пікір қалдыру үшін.