Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Хабардандыру
Құрметті ҚММУ оқытушылары!

Құрметті ҚММУ оқытушылары!

09 Ақпан 2018

Халықаралық ынтымақтастық бөлімі Ататүрік Университетінде (Түркия) «Мевлана» халықаралық ұтқырлық бағдарламасы аясында ұтқырлықтан өтуге өтініштер қабылдау басталғанын хабарлайды!

Өтініштерді қабылдаудың соңғы күні: 2018 жылдың 26 ақпаны.

Байқаудың нәтижелері 2018 жылдың мамыр айында белгілі болады.

Талаптары:

- Оқытушылардың ұтқырлық мерзімі екі аптадан 3 айға дейінгі уақытты қамтиды;

- Оқытушылар аталған бағдарламаға қатысу үшін:

-  Көрсетілген сілтеме бойынша онлайн өтінішті толтыруoia.atauni.edu.tr/application/staff;

-  Түйіндемесін (сонымен қатар басылымдарын, презентацияларын, жобаларын) тіркеуі қажет.

Шарттары:

- Оқытушылар үшін “Мевлана” бағдарламасы түрік тарапынан төленетін аптасына 6 сағаттан кем емес лекцияларды оқуды қарастырады. Егер оқытушы талап етілген сағаттарды жинай алмаса, онда олардың өткізген семинарлары, топтағы жұмыстары, сонымен қатар олардың конференцияларда қатысқандығы есепке алынады.

- жол ақысына бағдарлама есебінен 3300 түрік лирасы көлемінде қаржы бөлінеді, тұратын орын қабылдаушы университет тарапынан қамтамасыз етіледі, сонымен қатар ғылыми дәрежесіне байланысты күніне 40-50 түрік лирасы көлемінде тәуліктік ақы төленетін болады. 

Бағдарлама бойынша қосымша ақпараттар үшін Халықаралық ынтымақтастық бөліміне жүгінулеріңізді сұраймыз (Гоголь көш., 40, 331a каб.).


0
3920

пікірлер

пікір қалдыру үшін.