Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Хабардандыру
Құрметті ҚММУ зерттеушілері!

Құрметті ҚММУ зерттеушілері!

16 Қаңтар 2018

Халықаралық ынтымақтастық бөлімі ҚР Білім және Ғылым Министрлігі мен Латвия Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі арасындағы білім, ғылым және жастар саясаты саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімге сәйкес Латвия тарапынан Латвия университеттерінің бірінде 2018-2019 оқу жылында зерттеу жүргізуге шәкіртақы тағайындалатынын хабарлайды.

Бағдарлама талаптары:

1.  Шәкіртақы 5 айға тағайындалады.

2.  Бағдарлама тек ҚММУ ғылыми зерттеушілері мен ғылыми қызметкерлеріне арналған.

3.  Құжаттарды тапсыру  - 2018 жылдың 1 сәуіріне дейін.

4.  Ай сайынғы шәкіртақы: күніне 30 EUR және тұратын орнына ай сайын 300 EUR.

5.  Оқыту ағылшын тілінде.

6.  Зерттеуші бүкіл кезең бойы Латвияда болуы керек, егер зерттеуші қабылдаушы оқу орнында 14 күннен артық жоқ болса, шәкіртақыдан айрылады.

7.  Студенттер жатақханасынан немесе қонақ үйден орын ұсынылады.

8.  Ұшу билеттері мен медициналық сақтандыру төленбейді.

Толығырақ мәлімет алу үшін Халықаралық ынтымақтастық бөліміне күнделікті сағ. 09-00-ден 18-00-ге дейін Успанова Марьяна Валерьевнаға жүгінулеріңізді өтінеміз.


0
4701

пікірлер

пікір қалдыру үшін.