Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Хабардандыру
Құрметті ҚММУ студенттері!

Құрметті ҚММУ студенттері!

28 Сәуір 2017

2017 жылғы шілденің 10 мен 29 аралығында Mapúa Institute of Technology (Манила қ., Филиппины) Жазғы мектебіне қатысу үшін шәкіртақы тағайындауға байқау жарияланады.

Жазғы мектептің тақырыбы – «ЖАҢАРТЫЛАТЫН ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІ». 3 апта бойы оқу кезінде студенттерге келесі тақырыптар ұсынылады: Энергияның геотермальды көздері, күн энергиясын пайдалану көздері, жел энергиясын пайдалану көздері. 

Mapúa Institute of Technology өтініштерді қабылдау мерзімі –  2017 жылдың 31 мамырына дейін.

Бағдарламаға қатысу шарттары:

- студентке шәкіртақы тағайындалған жағдайда, қабылдаушы университет төмендегідей шығындарды өтейді: «Жаңартылатын энергия көздері» тақырыбында 3 апта бойы оқу, мәдени бағдарлама, 3 апталық оқуды аяқтағаны туралы сертификат, әуежайда күтіп алу және тұратын орнына дейін шығарып салу, медициналық сақтандыру. 

- студент тұратын орны бойынша (шамамен, 300 USD) және ұшу шығындарын, сонымен қатар, жеке басы бойынша шығындарды өзі төлейді.

Талаптар:

- келесі құжаттарға қосымша ретінде он-лайн өтінішті толтыру: қолданыстағы биометриялық төлқұжаттың көшірмесі, оқу орнынан анықтама, оқу орнынан ұсыныс хат, «How is participating Mapúa International Summer School significant in your study plan?» тақырыбына эссе, транскрипт, IELTS / TOEFL сертификатының көшірмесі.

Толығырақ ақпараттар төмендегі сайтта: http://mapua.edu.ph/Academics/InternationalPrograms/Students.

 Бағдарлама бойынша сұрақтар туындаған жағдайда, Халықаралық ынтымақтастық және Болон процесі бөліміне хабарласуыңызды сұраймыз. 


0
6436

пікірлер

пікір қалдыру үшін.