Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Хабардандыру
ҚҰРМЕТТІ РЕЗИНДЕНТТЕР! КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТУГЕ БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАНАДЫ!

ҚҰРМЕТТІ РЕЗИНДЕНТТЕР! КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТУГЕ БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАНАДЫ!

26 Сәуір 2017

Оқу бағдарламасы: клиникалық дайындықтан, бейіндік пәндер бойынша теориялық дәріс сабақтардан, заманауи медициналық технологиялар мен жаңа медициналық құрылғылармен танысудан, семинарлар мен конференцияларға қатысудан, медициналық мекемелерді аралаудан тұрады.

Үміткерлерге талаптар:

-  Төмендегідей бағыттардың мамандары қатыса алады:

-  Ішкі аурулар: гастроэнтерология, кардиология, гемато-онкология, пульмонология және т.б.);

-  Оториноларингология, ортопедия, акушерия және гинекология, жалпы хирургия, нейрохирургия, торакалды және жүрек-тамыр хирургиясы, тоқ ішек және тік ішек хиругиясы, трансплантация және тамыр хирургиясы, урология, онкология, сәулелі диагностика, анестезиология, стоматология, сауықтыру медицинасы және т.б;

-  денсаулық сақтау саласындағы тәжірибесі 3 жылдан кем болмауы тиіс;

-  бағдарламада KHIDI бағдарламасы бойынша соңғы 3 жылда оқыған үміткерлер қатыса алмайды;

-  корей немесе ағылшын тілін үздік білуі (телефон бойынша ресми сұхбаттасудан өте алатындай жеткілікті деңгейде);

-  құжаттарды тапсыру: 2017 жылдың 12 мамырына дейін

-  тәжірибеден өту орны: тағайындалған оқу госпиталі;

-  қабылдаушы ұйым: КОРЕЯНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ИНДУСТРИЯСЫН ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ (KHIDI);

-  бағдарламада іріктеліп алынған қатысушыларды KHIDI ұшу, медициналық сақтандыру, тұратын орын және тамақпен қамтамасыз етеді.

Толығырақ ақпараттар http://khidicis.org сайтында немесе Халықаралық ынтымақтастық және Болон процесі бөлімінде, 331 кабинет.


0
5842

пікірлер

пікір қалдыру үшін.