Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Хабардандыру
Студенттерге арналғансыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы

Студенттерге арналғансыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы

22 Қаңтар 2016

·  «Жалпы медицина», «Стоматология» мамандықтары үшін академиялық ұтқырлық аясында 2015-2016оқу жылының көктемгі семестрін өтуге Әбу Әли ибн Сина атындағы Тәжік мемлекеттік медицина университетіне өтініштер қабылдайды.

·  4-курс «Фармация» мамандығы бойынша академиялық ұтқырлық аясында 2015-2016 оқу жылының көктемгі семестрін өтуге Башқұрт мемлекеттік медицина университетіне өтініштер қабылдайды.

·  4-курс «Стоматология» мамандығы бойынша академиялық ұтқырлық аясында 2015-2016 оқу жылының көктемгі семестрін өтуге Ташкент мемлекеттік стоматология институтының Бұхара филиалына өтініштер қабылдайды.

Академиялық ұтқырлық аясында бағыттың бастапқы шарттары: жолақы студенттің өз есебінен,  оқу жоо араларындағы ынтымақтастық жөніндегі екі жақты меморандум негізінде, тұру жіберетін және қабылдайтын университеттер арасындағы келісім бойынша жүзеге асады.

Ұтқырлық бағдарламасына қатысу үшін құжаттар 2016 жылдың 1 ақпанына дейін сағат 16:00-ден 18:00-ге дейін Халықаралық ынтымақтастық және Болон процессі бөлімінде (Бас корпус, Гоголь көшесі 40, 102 кабинет) қабылданады.

Өзіңізбен болу керек:

o  Ректордың атына өтініш (үлгісі ұсынылады).

o  Төлқұжат (түпнұсқа және көшірме).

o  Алдыңғы оқу мерзімі нәтижелерімен транскрипт.

o  Жеке оқу жоспары (көшірме).


0
11171

пікірлер

пікір қалдыру үшін.