Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Хабардандыру
МАШАВ бағдарламасы

МАШАВ бағдарламасы

11 Қаңтар 2016

Қазақстан Республикасындағы Израиль мемлекетінің елшілігі, МАШАВ Израиль  мемлекетінің СІМ ішінде халықаралық ынтымақтастықты дамыту агенттігі 06 наурыздан 06 сәуір 2016 ж. аралығында Израильде «Educational methodologies Youth At – Risk: Preventing Student Dropouts and Facilitating Reintegration» атты тақырыбында халықаралық оқыту курсын ағылшын тілінде өткізетінін хабарлайды.

Курс мектеп директорлары, психологтар, мұғалімдер, жоғарғы оқу орындарының оқытушыларына арналған.

Курсқа қатысушының жоғары білімі бар, тиісті салада кәсіби тәжірибесі және ағылшын тілін жетік меңгерген болуы керек.

«МАШАВ» бағдарламасы қатысушыларға тұру үшін, оқу ақысы , сақтандыру, жұмыс сапарлары және әуежайдан алып келу, апару трансфер шығындарын жабады. Израильге барып келу авиабилет шығындары қатысушылардың өз бетімен немесе демеуші жақпен  қамтылады.

Қатысуға арналған өтініш нұсқасы мен шарттары Израиль Мемлекетінің Елшілігінің веб-сайтында қол жетімді: http://embassies.gov.il/astana ( Елшілік бөлімі→МАШАВ→ МАШАВ курстары). Барлық құжаттар ағылшын тілінде электрондық нұсқада Астанадағы Израиль Мемлекетінің елшілігі қарауына берілген электрондық мекенжайға mashav@astana.mfa.gov.il 2016 жылдың 28 қаңтарына дейін жіберілуі керек.


0
11504

пікірлер

пікір қалдыру үшін.