Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Кафедралар
Әскери кафедра

Әскери кафедра

Қарағанды медицина университеті әскери кафедрасы

Кафедра басшысы – запастағы полковник Жиенбаев Бауржан Акимжанұлы

Әскери кафедраның негізгі қызметі бейбіт және соғыс уақытында олардың тағайындалуына сәйкес міндеттерін орындауы үшін қажетті көлемде медицина қызметінің жоғары білікті запастағы офицерлерін даярлау болып табылады. Осыған байланысты, кафедра студенттерге әскери және бейбіт уақыт жағдайында емдеу-эвакуациялық, санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру мен жүргізудің негізгі қағидаттарын нақты білуге және шебер жүзеге асыруға, мақсатына сәйкес өз міндеттерін орындау үшін қажетті дағдыларды үйретуге жәнеұйымдастырушылық дағдылардың жеткілікті болуы үлкен көңіл бөледі.

Әскери даярлық бойынша оқу бағдарламасын орындағаннан соң студенттер кешенді бітіру емтиханын тапсырады және жоғары оқу орнын бітірген соң запастағы офицерлер құрамына қабылданады.

  Кафедрада әскерде, әскери-медициналық мекемелерде жұмыс істеген тәжірибесі мол запастағы және отставкадағы офицерлер жұмыс атқарады.

  Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы халықаралық, республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға белсене қатысады, 100-ден аса ғылыми мақалалар мен тезистер, оның ішінде шетелдік басылымдарда  импакт-факторымен – 5 мақала жарияланған, 1 патент алынған, авторлық құқық нысанын тіркеу құқығы бар 5 куәлік бар. Типографиялық әдіспен республикалық деңгейдегі 28 оқулық пен оқу құралдары шығарылды.

baad6c9d1d984e569ddae076e2ecdde5

b3613907267b13af4a787a2f5ee63b11

aec91ba5b3a4488ca59889ce1f2846d3

d86b488fa7c91a93f3835bfee4c57802