Морфология және физиология кафедрасы
Морфология және физиология кафедрасы 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап морфология (анатомия блогы, гистология блогы) және физиология кафедраларының қосылу нәтижесінде құрылды. Кафедра меңгерушісі к.м.н.Нұрлан Нығметұлы Наурызов.
Топографиялық анатомия және оперативтік хирургия кафедрасы 1951 жылы құрылды. Кафедраның алғашқы меңгерушісі профессор А.И. Лаббок. 1952 жылдан 1960 жылға дейін кафедра меңгерушісі Е.М. Медведев болды. 1962 жылдан 1971 жылға дейін кафедраны қайта профессор А.И. Лаббок басқарды. 1971 жылдан 1976 жылға дейін, содан кейін 1984 жылдан 1989 жылға дейін кафедраны, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қарағанды мемлекеттік медицина институтының ректоры (1984-1989 жж) Н.А. Хлопов басқарды. 1990 жылдан бастап кафедра осы кісінің атымен аталады. 1976 жылдан 1984 жылға дейін кафедраны Республиканың еңбек сіңірген дәрігері, т.ғ.д., профессор Т.Г. Чернов басқарады. 1990-1992 жылдары кафедра меңгерушісі м.ғ.д. П.С. Сычев болды. 1993-1996 жылдары доцент Ш.К. Базарбеков. 1996 жылдан 2007 жылға дейін кафедраны доцент К.К. Капенова басқарды.
Қалыпты анатомия кафедрасының іргесін қалаушы медицина ғылымының докторы, профессор Моисей Маркович Тростанецкий (1950 ж.) , денсаулық сақтау саласына үлкен үлес қосқаны үшін «Отличник здравоохранения» төс белгісімен марапатталған. Сол жылы анатомиялық мұражай да құрылды. 1951 жылы кафедраның меңгерушісі медицина ғылымының докторы, профессор Абрам Иосифович Лаббок болды, денсаулық сақтау саласына үлкен үлес қосқаны үшін «Отличник здравоохранения» төс белгісімен марапатталған. 1951 жылдың сәуірінен 1964 жылға дейін кафедра меңгерушісі болып медицина ғылымының докторы, профессор Зиновий Герасимович Слободин қызмет етті. 1964 жылдан 1969 жылға дейін қалыпты анатомия кафедрасының меңгерушісі болып медицина ғылымының докторы, профессор Белла Михайловна Эрез қызмет етті. 1969 жылдан 1990 жылға дейін кафедраны медицина ғылымының докторы, профессор Любовь Сергеевна Кочкина басқарды, денсаулық сақтау саласына үлкен үлес қосқаны үшін «Отличник здравоохранения» төс белгісімен марапатталды. 1990 жылдан 2007 жылға дейін қалыпты анатомия кафедрасын медицина ғылымының кандидаты, доцент Мухамедия Ермекович Тебенов басқарды, денсаулық сақтау саласына үлкен үлес қосқаны үшін «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен, үзақ жылдары бойы елеулі еңбек еткені үшін, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің құрметті мақтау қағазымен, 2004 жылы ҚММА профессорлық-оқытушылар құрамының рейтингтік қызметінің бағасы бойынша «Үздік дәріскер» дипломымен марапатталды.
2007- 2008 оқу жылында қалыпты анатомия кафедрасы топографиялық анатомия және оперативтік хирургия кафедрасымен қосылып «Анатомия» кафедрасы болып аталды.
2007 жылдан 2008 жылға дейін анатомия кафедрасын медицина ғылымының кандидаты, доцент Қамария Кабдешовна Капенова басқарды, денсаулық сақтау саласына үлкен үлес қосқаны үшін «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен, ұзақ жылдары бойы елеулі еңбек еткені үшін, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің құрметті мақтау қағазымен марапатталды. 2008 жылдан 2009 жылға дейін анатомия кафедрасының меңгерушісінің міндетін атқарушысы аға оқытушы Қарлығаш Кайырбековна Кайырбекова болды. 2009 жылдан 2010 жыл аралығында кафедра меңгерушісінің міндетін атқарушы болып, медицина ғылымының кандидаты, доцент Ауэзхан Омарханович Омарханов тағайындалды, денсаулық сақтау саласына үлкен үлес қосқаны үшін «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен, ұзақ жылдары бойы елеулі еңбек еткені үшін «Ветеран труда» алқасымен, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің құрметті мақтау қағазымен, Республика тұрғындарына емдеу-профилактикалық көмек ұйымдастыруда үлкен үлес қосқаны үшін мақтау қағазымен марапатталды. 2010 жылдан бастап кафедра меңгерушісі к.м.н.Нұрлан Нығметұлы Наурызов.
Кафедраның негізгі ғылми бағыты алдымен жанама қанайналыс және симпатикалық нерв жүйесінің топографиялық анатомиясының сұрақтары, заманауи хирургиясы және радиобиологияның өзекті мәселелері: жедел хирургиялық инфекцияны алдын алу және емдеу жаңа тәсілдерін іздену және өңдеу болды.
Кафедраның қызметкерлерімен бірнеше бағытта ізденістер жүргізілді: әртүрлі метаболиттік және патофизиологиялық бұзылыстардың патогенезін зерттеу, осы патологиялық процесстер кезінде ішкі ағзалардың микроциркуляторлық және гемодинамикалық өзгерістері және морфологиясы.
Сонымен қатар, эксперимент жүзінде және клиникада эндогендік интоксикация синдромының емдеу тәсілдері апробациядан өтті. Осы ғылыми бағытта профессор Н.А.Хлоповтың жетекшілігімен 1 докторлық, 9 кандидаттық диссертация қорғалды.
1966 жылдан бастап кафедрада жаңа ғылыми зерттеу бағыттары дамыды: күрделі операциялардың әр түрлі ішкі ағзалар мен жүйелерге әсері және оларға тиімді терапиялық түрлерін пайдалану. Нақтылап айтсақ, ішкі ағзаларды алып ауыстырудағы ағзалардың қайтадан жетілуіне сыртқы қоршаған ортаның зиянды әсерін ескеру: қазіргі кездегі хирургия мен радиологияның маңызды мәселелері, көмір шаңы енгізілген өкпені әр түрлі вариантта алып тастау кезіндегі репаративті регенерация және тамыр ішіндегі қанға лазерлі терапия қолдану; ЖЖС-мен бауыр клеткасына әсер еткендегі митогенді және мутагенді цитологиялық бағалау .
Кафедраның негізгі жетістіктері: 2 докторлық, 25 кандидаттық диссертациялар қорғалды, 400-ге жуық ғылыми жұмыстар, 14 авторлық куәліктер, қазақ , орыс тілдерінде 5 монография, 5 оқу құралдары, 500-ден астам әдістемелік нұсқаулар басылып шығарылды.
Қазіргі уақытта кафедрада келесі оқытушылар жұмыс істейді:
Кафедра меңгерушісі - к.м.н. Н.Н.Наурызов, қауымдастырылған профессорлар - С.Ш.Атшабарова, З.Т.Мухамеджанова; ассистентт-профессорлар - К.К.Кайырбекова, Р.Т.Карибжанова, Г.Б.Шапатова, Б.С.Кусаинова, Е.Х.Батяева, И.А.Агаркова; оқытушы-тьюторлар - С.Н.Шайкина, А.Т.Коржумбаева; оқытушы-зерттеушілер - М.Ж.Ахметова, Ю.И.Ниязова, офис-менеджер А.Е.Батырбекова, лаборант Е.С.Крутина.
Гисталогия кафедрасы 1950 жылда құрылған. 1950 жылдары ҚММИ-дің бірінші ректоры Петр Мойсеевич Поспеловтың шақыруымен Қарағандыға Қазаннан А.А. Зорина келіп және гистология бөлімін басқарды. Гистология кафедрасының ғылыми тақырыбы А.А Зоринаның жетекшілігімен аналық жыныс жүйесі мүшелерінің афферентті және эфферентті жүйкеленуін зерттеуге бағытталған. А.А Зоринаның жетекшілігімен 20 кандидаттық диссертация қорғалған, 270-тен астам ғылыми мақалалар жарыққа шыққан. Қазақстан Республикасының жетекші морфологы 250-ден астам ғылыми және әдістемелік еңбектердің авторы, халықаралық және республикалық баспасөзде, 3 монография, гистология бойынша типтік оқу бағдарламаларды жазған. Ғылыми бағыты: «Патологиядағы эмбрионалдық және постнатальды гистогенез», «Балалық шақтың патологиялық анатомиясы». Қазақ медициналық академиясының (Астана қ.) Докторлық диссертациялық кеңесінің мүшесі. 3 дәрігер, медицина ғылымдарының 22 кандидатын дайындады. ТМД елдерінде және Қазақстан Республикасындағы ғылыми топтардың жетекшісі. Профессор Куркин А.В. «Құрметті денсаулық» белгісімен және «Қазақстан республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен марапатталды. А.В. Куркиннің жетекшілігімен кафедраның ғылыми тақырыбы қалыпты және патология кезіндегі ұрықтың пренатальды гистогенезінің өзекті мәселелеріне, соның ішінде жүктілік кезіндегі алкоголизацияға байланысты ғылыми тақырыптарға арналған. Осы тақырып бойынша докторлық диссертациялар қорғалды: М.М. Түсіпбекова «Сравнительная патология почек плодов и новорожденных при осложненной беременности у женщин центрального Казакстана» (1997 ж.); Г.У Жанайдарова «Эмбриональный и ранний постнатальный гистогенез сердечной мышцы при антенатальной интоксикации этанолом» (1997 ж.); Кандидаттық диссертациялар: М.М. Тусупбекова (1988 ж.), В.А. Югай (1988 ж.), Э.А. Надиров (1991 ж.), П.М. Коваленко (1993 ж.), Б.Х. Мадиева (1993 ж.), В.И. Медведев (1993 ж.). Перинатальды интоксикация тақырыбына Р.Ж. Есимованың (2004 ж.), К.Т. Нурсейтованың (2005 ж.) және т.б жұмыстары арналған. Профессор А.В. Куркиннің жетекшілігімен аспирантураны бітіріп, кандидаттық диссертациялар қорғады: Унисьянова М.М., Кочерыжкина Н.А., Абзалиев К.А., Акашев Г.В., Рыбалкина Д.Х. және «Реактивность системы моноцит-макрофаг соединительной ткани при обезвоживании организма и коррекции гомеостаза антиоксидантами» тақырыбы бойынша Прошина Л.Г. докторлық диссертациясын қорғады. А.В. Куркиннің жетекшілігімен 25 диссертация (3 докторлық және 22 кандидаттық) дайындалған және қорғалған, 2 монография басылып шығарылған, 400 астам ғылыми мақала жарыққа шыққан, өнертабысқа патент алынған. 2 адам магистратура бітіріп, магистрлік диссертацияларын қорғады.
Қазіргі уақытта кафедраның гистология блогында келесі оқытушылар жұмыс істейді:
М.ғ.д., профессор Г.У.Жанайдарова, қауымдастырылған профессорлар – К.Т. Нурсейтова, Р.Ж.Есимова; профессор-ассистенті – Б.Х.Берикбаева; оқытушылар С.А.Кушербаев, Т.С.Бейсенов,Г.Ж.Ахметова; оқытушы-тьютор Тулеуова Г.К., офис-менеджер- Ли Т.А. Гистология блогы бойынша оқу ісінің меңгерушісі м.ғ.к., қауымдастырылған профессор Нурсейтова К.Т.
Физиология кафедрасы 1950 жылы институт ашылған жылы құрылды. 2018 жылдан бастап морфология және физиология кафедрасының құрамына курс болып енгізілді.
«Физиология» пәні барлық медициналық мамандықтар бойынша жүргізіледі. Физиология кафедрасында біліктілігі жоғары педагогикалық ұжым жұмыстарын жүргізеді: м.ғ.д. профессор Ф.А.Миндубаева, қауымдастырылған профессорлар доцент – б.ғ.к. А.М. Евневич, б.ғ.к. Н.М. Харисова, б.ғ.к. Б.Т. Чергизова,– м.ғ.к. Е.Ю.Салихова, профессор-ассистентері- м.ғ.к. Қантемиров М.Р., Н.В.Гитенис, Е.Г. Комкина, А.А. Адилбекова; тьютерлар – Ш.Ш.Сарсембаева, Лепесбаева Г.А., Рыспаева Г.К., оқытушы Н.Н. Акимжанова.
Физиология курсы ҚР Білім және ғылым министрлігінің екі гранттық тақырыбы бойынша
- «Омыраудағы сәбилерде өкпе гипертензиясын ерте диагностикалау әдісінің клиникалық-физиологиялық негіздемесі» .
- «Ағзаның әртүрлі қоршаған орта факторларына бейімделуінің жүйелік реакцияларының жалпы заңдылықтары мен механизмдері»
Кафедраның оқытушы-профессорлар құрамы жыл сайын таяу және алыс шет елдерде халықаралық симпозиумдарға, ғылыми- тәжірибелік конференцияларға, сондай-ақ Ресей мен қазақстан физиологтарының съездеріне (Мәскеу 2018, 2020, Париж, 2019, Душанбе 2020, 2021, Алматы 2021, Санкт-Петербург, 2021) қатысады.
Физиология кафедрасында ағзаның негізгі жүйелерін электрофизиологиялық (жүрек-тамыр жүйесі, тыныс алу жүйесі, ОЖЖ). Физиологиялық зертхана негізінде студенттер әртүрлі стресс факторларының студенттердегі жүрек-тамыр және тыныс алу жүйелерінің функционалдық көрсеткіштеріне әсері туралы ғылыми зерттеулер жүргізеді және реттеуші жүйелердің жүктеме дәрежесіне байланысты ағзаның бейімделу мүмкіндіктерін бағалайды.
2014 жылы физиология кафедрасы Қарқаралыдағы «Медик» сауықтыру лагері базасында «Қозғалу белсенділігі және студент денсаулығының деңгейі» атты Бірінші Халықаралық жазғы ғылыми физиологиялық мектебін ұйымдастырды, оған Қарағанды мемлекеттік медицина университеті және Абу-Али Ибн Сина атындағы Тәжік мемлекеттік медицина университетінің (ТММУ) оқытушылары мен студенттері қатысты. Кафедра оқытушылары студенттермен бірге ғылыми жобаларға қатысады. 2019 жылы қауымдастырылған профессор Салихова Е.Ю. және "Жалпы медицина" 2 курс студенті Салехова Д., оқытушылар мен студенттерге арналған Орта Азияның халықаралық физиологиялық мектебіне қатысты.
Физиология ПОҚ академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Душанбе, Қазан, Кострома, Вильнюс, Воронеж, Рязань қалаларының медициналық жоғары оқу орындарының физиология кафедраларымен белсенді ынтымақтастықта (2012-2021).